Көлік саласындағы ғылыми зерттеулер

Муздыбаева Альфия Сеиткызы

Оқытушының портфолиосы

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Көлік саласындағы теориялық және эксперименталды зерттеулерді қарастырады, автокөлік техникасының өмірлік циклінің әртүрлі сатыларында ғылыми зерттеулер әдіснамасының ұғымдық аппаратын меңгереді. Автокөлік техникасын жобалау, өндіру және пайдалану кезінде зерттеу әдістерін; статистикалық және ақпараттық материалдарды талдау және синтездеу; АКТ математикалық және физикалық модельдерін құру; ғылыми зерттеулер әдіснамасы және эксперимент теориясы; АКТ зерттеу кезінде математикалық теңдеулердің арнайы есептерін шешу әдістерін зерттейді.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 60
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны ауызша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты көлік және автокөлік техникасы саласында зерттеу жүргізу үшін ғылыми және кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеттері: - магистранттарға ғылыми ойлауды қалыптастыру; - көлік және автокөлік техникасының тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін негіз болатын нысандардың қасиеттерін зерттеудің әдіснамасының негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; - зерттеу нысаны туралы ақпаратты алу тәсілі ретінде сараптамалық зерттеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздерін зерделеу; - автокөлік техникасының тиімділігін арттыру, техниканың аралық салалары арасында оны жасау, шығару және пайдалану технологиясын жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ғылыми зерттеу әдіснамасын, экспериментті жүргізу және жоспарлау әдістерін, талдау әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік техникасының тиімділігін арттыру үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • көліктің дамуының ттиімді бағыттары туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • ғылыми зерттеулер жүргізу барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • ғылыми зерттеудің негізгі ұғымдарын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін, сараптамалық зерттеуді өткізу әдістемесі мен оны ұйымдастыру түрлерін білуі тиіс; ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді негізінде орындай алулары тиіс;талдау қорытындыларын синтездеу негізінде қорытынды шағару; көлік техникасының қасиеттері мен күйін басқару бойынша ғылыми ережелерді тұжырымдау дағдылары болуы тиіс.