Бизнес-статистика

Рахимбердинова Мадина Умаргалиевна

Оқытушының портфолиосы

Денисова Оксана Касымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән магистранттарды кәсіпорындардың экономикалық қызметін басқарудағы статистиканың рөлімен және мәліметтер жиынтығының әртүрлі түрлерімен таныстырады. Сондай-ақ, бизнес-статистиканы ұйымдастыру, индустриялық-инновациялық экономика жағдайында статистикалық ақпаратты жинау, кәсіпорындағы жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың заңдылықтарын анықтау, болашақта процестер мен құбылыстардың дамуын болжау мәселелерін ашуды көздейді.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Кәсіпорын экономикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Бизнес-статистика» курсының мақсаты қазiргi жиынтық әдiстерін білетін, отандық және халықаралық тәжiрибеде қабылданған статистикалық ақпаратты өңдеу және талдау, iс қағаздарды, есеп және санақты жүргiзетін мамандарды әзiрлеу болып табылады.
Міндет
  • магистранттарды басқарудың сандық әдiстері және iскер санақ пен негізгі тапсырмалармен таныстыру;
  • статистикалық әдiстер кешенін меңгеруді бақылау, iскер санақтағы жаппай мәлiметтердi топтау;
  • іскер санақтағы және әлеуметтiк-экономикалық оқиғалар мен процесстердi сандық тарапынан сипаттайтын статистикалық шамалар жүйесiн игеру;
  • экономика салаларының әр түрлi зерттеулеріндегі статистикалық талдау әдiстерiн қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • экономиканың түрлі салаларын зерттеуде статистикалық талдаудың негізгі әдістері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • статистикалық әдістерді интуитивті және математикалық шешімдер арасындағы теңгерімде қолдану шектері туралы, сандық талдаудың маңыздылығы туралы түсінігінің болуы
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • экономиканың түрлі салаларын зерттеуде статистикалық талдау әдістеріне негізді таңдау жасау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • пәннің түсінік аппараты
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • сандық ақпаратты компанияларда, оларды өңдеу және қолдану құралдарын пайдалану үрдістерінде