Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғау
Сипаттама: Ауылшаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіруі мүмкін зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен күресу әдістері мен құралдарын зерттейтін пән. Ол профилактиканы, диагностиканы, сондай-ақ қорғаудың химиялық, биологиялық және агротехникалық әдістерін қолдануды қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Дисциплина «Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестер мен аурулардан қорғау» пәнін оқытудың мақсаты – ауыл шаруашылығы саласының мамандарын кәсіби даярлау.
Міндет
- Студенттерді ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге байланысты мәселелер бойынша теориялық біліммен және практикалық дағдылармен қамтамасыз ету; студенттерді өсімдіктердің зиянкестерін және ауруларын дұрыс анықтауға, арамшөптермен, зиянкестермен күресу әдістерін меңгеруге үйрету, сапалы өнім алуды қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Ауыл шаруашылық дақылдары үшін жер телімін таңдау; Егіс тәсілдері мен әдістері; Арамшөптерге, зиянкестерге және ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларына қарсы күресу шаралары.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Өсімдіктерді қорғаудың тиімді шараларын әзірлеу үшін зиянкестер, аурулар және арамшөптер туралы білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Егістіктің фитосанитарлық жағдайын талдау және дақылдардың зиянкестермен, аурулармен және арамшөптермен зақымдану себептері бойынша негізделген қорытындылар жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Бақылаулар, зерттеулер және эксперименттердің нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде (есептер, презентациялар, қорытындылар) сауатты түрде жеткізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Алынған білімді практикалық тапсырмаларды өз бетінше шешу және далалық бақылаулар жүргізу үшін қолдану.