Физикалық химиялық талдау әдістері
Сипаттама: Қоршаған орта нысандарын талдау әдісін, сызбанұсқасын оңтайлы таңдау үшін қажетті заттарды анықтау мен анықтаудың химиялық және физика-химиялық әдістерінің негізінде жатқан әртүрлі химиялық және физика-химиялық жүйелердегі құбылыстар мен үрдістердің табиғаты мен мәнін түсіну қабілетін қалыптастыру.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 15 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Ауызша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Магистранттарды қоршаған табиғи және өндірістік ортаны талдаудың қазіргі әдістері жэне құралдары бойынша теориялық және сарамандық дайындау. Магистранттарда талдаудың қазіргі әдістері мен олардың аспаптық қамтамасыз етілуінің құралдарын таңдауда білім, дағды және біліктілік жүйесін қалыптастыру.
Міндет
- Пәннің міндеті магистранттардың талдаудың қазіргі әдістері мен кұралдары туралы білім алуы, технологиялық үрдістер кезінде пайда болатын және қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына кері әсер ететін зияндылықтарды бақылауды, зиянды компоненттерді сапалық және сандық түрде бағалауды меңгеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Дайындаудың алғашқы кәсіби білім деңгейінде алынған арнайы, пәнаралық және пәннен тыс білімдерін тереңдету, осы алған білімдерін әдістемелік және аналитикалық зерттеу құралдары арқылы толықтыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ең жаңа жаңалықтарда, техникалық жүйелер мен құрылғыларды құрастыру үшін пайдалану перспективаларында бағдар алуды, алынған нәтижелерді өңдеуді, қолда бар әдебиет деректерін есепке алып, оларды талдауды және түсінуді және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында сараптық бағалау әдістерін меңгеруді жасай білуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Озық ғылыми әдістер мен техникалық құралдардың мүмкіндіктері туралы және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және оларды қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шұғыл шешу үшін қажетті деңгейде пайдалану бойынша түсінігі болуы керек. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау-конструкциялық, ғылыми-зерттеу, өнертабыстық және инновациялық қызмет туралы және табығмтты пайдалануды халықаралық деңгейде басқарудың негізгі принциптері туралы түсінігі болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Заманауи ғылымның дамуында ақпараттың мәні мен мағынасын түсінуді, ақпараттарды алу, сақтау, өңдеудің негізгі әдіс тәсілдерін меңгеру; заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық құралдардың коммуникативті міндеттерін шешу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өзінің кәсіптік қызметінің әлеуметтік аспектілерін есепке алу және дұрыс бағалай білуі және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласында ғылыми-зерттеулер мен есептеулер жүргізу әдістерін пайдалану, жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелер тиімділігінің техника-экономикалық және экология-экономикалық көрсеткіштерін аықтау дағдыларын иелену керек. Педагогикалық қызметке: мамандық бейіні бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді, жарияланымдар мен әзірлемелерді дайындауға; оқушылар арасында тәрбиелік жұмыстарды өткізуге дайын болу