Ғылым тарихы мен философиясы

Калиева Канша Саветкановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Ғылым феномені нақты мәселе және талдау пәні ретінде қарастырылады. Ғылым мен техника теориясы және олардың постиндустриалды қоғамдағы дамуы туралы түсінік береді. Курстың өзектілігі ғылым философиясы мен жаратылыстану ғылымдарының интеграциясы негізінде ғылыми зерттеу саласында болып жатқан процестерге бағдарлаумен байланысты.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Философия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ғылым тарихы негізінде ғылыми ойлауды дамыту, ғылымның дамуына философиялық концепциялардың ықпалын және философиялық жетістіктер мен ғылыми әдістердің қалыптасуын түсіну
Міндет
  • Ғылыми білім дамуының негізгі мәселелерін мәдениет тарихына трансформациялау тұрғысынан меңгеру; - ғылыми әдістемелік әдістер мен принциптерін меңгеру және олардың потенциалын заманауи ғылым мен технологияны қолдануды дамыту үшін пайдалану; - танымдық үрдістері, ерекшеліктері мен болашағын түсінудің классикалық және постмодерндік жолдарын жүзеге асырудың теориялық мәселелерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Негізгі эпистемологиялық моделдер және рационалды ұғымдардың мәні; - негізгі ғылыми концепциялар; - ғылым әдістері мен ғылыми және ғылыми емес формалары; - білім берудің заманауи әлеуметтік-гуманитарлық формалары; - зерттеу жұмысына қажетті ғылыми-техникалық және кәсіби терең білім.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында қалыптасатын мәселелерді шеше білулері керек; - Қажетті зерттеу әдістеріне таңдай білулері қажет; - Ғылыми білімдер методологиясының негізінде қазіргі кезеңдегі теория мен практиканың шындықтарын түсініп, талдай білулері керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Магистрант өз бетінше: - ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық жұмыстарды жүргізе біледі; - өз мамандығы бағытында өте терең білім негізін қалыптастыра алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Магистрант өз бетінше; - конференцияларда, симпозиумдарда, дөңгелек столарда, пікір-таластарда, сұхбаттар жүргізуде ғылыми-методологиялық білімдерін қолдана біледі;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Магистрант алған білімін өз мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу және педагогикалық және тәрбие жұмыстарын жүргізуде, ғылыми мақалалар мен тезистер жазу барысында қолдану дағдысын қалыптастыра алады; - қазіргі ғылыми-техникалық прогресстің өзекті мәселелерін терең талдай алады.