Карталарды қолдану теориясы
Сипаттама: Курс картографиялық проекциялар теориясын, карталарды құрастыру және редакциялау тәсілдерін, шартты белгілерді, шолу-топографиялық, арнайы және тақырыптық карталарды, географиялық атластарды, картографиялық жұмыстарды автоматтандыру жүйелерін, карталар бойынша құбылыстарды зерттеу әдістерін, электронды картографиялау технологиясын зерттеуге бағытталған.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Картография
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- нақты есептер үшін проекцияны іздестіруді және таңдауды өз бетімен жүргізуге мүмкіндік беретін білім жүйесін беру, картографиялық ғылымның болашағы бар бағыттарымен және заманауи жағдайымен таныстыру
Міндет
- Географиялық және топографиялық карталарды саралай білу және оларды дұрыс пайдалану, қолда бар картографиялық проекцияларды жетілдіру және негізінен әртүрлі тақырыптық және кешенді карталарды жасау үшін қажетті ғылым мен өндірістің талаптарына сәйкес жаңаларын әзірлеу; көпбетті басылымдарға қажетті картаның математикалық элементтерін (құрастырылымдардың және жиынтықтар) әзірлеуге
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- техника мен технология саласында шешімдерді қабылдаудың негіздік дағдыларын пайдалану мен қолдануға әзірлік
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- заманауи қондырғылар мен аспаптарды кәсіби пайдалануға қабілет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- картографиялау, ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар үшін геодезиялық және аэрокосмостық өңдеуге, синтездеуге қабілет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ұжымды басқаруда, зерттеу және жоба жұмыстарын ұйымдастыруда іс-тәжірбиеде дағдылар мен ұстамдылықты пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық шешімдерді қабылдау үшін мультимедиялық, виртуальды, көпқырлы сандық кеңістікті модельдеудің технологияларын енгізуге қабілет