Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу барысындағы жаңа технологиялық шешімдер

Нуршайыкова Гульнур Тлеубергенкызы

Оқытушының портфолиосы

Кумыкова Татьяна Михайловна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста тау-кен жұмыстарының жаңа әдістері, механикаландыру және ұйымдастыру, пайдалы қазбалар кен орындарын игерудегі жаңа технологиялық шешімдер сияқты негізгі бөлімдерден тұрады. Тау-кен кәсіпорындарын жүйелі жобалау жоғары интеллектуалды күрделілік саласы болып табылады, өйткені ол келешектегі өнімді таңдау негізінде шешімдерді, жобалық шешімдерді ұтымды таңдау әдістерін қолдануды, пайдалы қазбаларды өндірудің жаңа технологияларын және жоғары өнімді жабдықтарды қолдануды талап етеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Пайдалы қазбалар кенорындарын жер асты игерудің технологиясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде қазіргі заманға сай жаңартпашылық технологиялық шешімдерді зерттеу және оларды өндіріске енгізу
Міндет
  • - Негізгі міндеті пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде жаңартпашылық технологиялық шешімдерді шеше алу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - Тау кен жұмыстарын механикаландыру, ұйымдастыру және технологиясының жаңа әдістерімен танысу, пайдалы қазбалар кенорындарын игеру кезінде жаңа технологиялық шешімдерді білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Табиғи ғылыми пәндердің негізгі заңдарын, модельдеу және математикалық талдау әдістерін, тау-кен ісінде технологиялық процестерді және объектілерді модельдеу мақсатында кешенді инженерлік қызметті теориялық және эксперименттік зерттеудің негіздерін қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - Ғылыми-зерттеу қызметіне дағдылану; өндірістік және зерттеу жұмыстарында пайда болатын мәселелі сұрақтарды уақытында айқындау, оларды шешудің тиімді жолдарын табу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - Коллектив басшысы немесе мүшесі ретінде тиімді жұмыс атқару, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсете алу және тау-кен ісінің кәсіби міндеттерін шешу үшін ақпаратты алу, қайта өңдеу және сақтау бойынша негізгі әдістерді білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - зерттеуді жүргізудің қазіргі әдістерін жетілдіріп, жаңа әдістерді енгізу, тау-кен ісі аймағында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін қолданумен техника мен технологияны жетілдіруге қатысты ұтқырлықты көрсете алу.