Электромобильдер мен гибридті автомобильдерге қызмет көрсету технологиясы
Сипаттама: Электромобильдер мен гибридті автомобильдерге қызмет көрсету. Электромобильдер мен гибридті автомобильдердің агрегаттары мен техникалық жүйелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау. Борттық және стационарлық диагностика құралдарын қолдану. Диагностикалау технологиясы және түрлендіргіші бар электромобиль электр қозғалтқышына қызмет көрсету. Диагностикалалау технологиясы және электромобильдің аккумуляторлық батареясына қызмет көрсету. Диагностикалау технологиясы және электромобильдің борттық зарядтау жүйесінің қызметі. Диагностикалау технологиясы және гибридті электр күш құрылғыларына қызмет көрсету. Диагностикалау технологиясы және электромобильді зарядтау станциясына қызмет көрсету және қайта зарядталатын гибридті автомобиль.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- электрлік және гибридті көліктерге сервистік технологияларды оқыту
Міндет
- Электромобильдер мен гибридті көліктерге қызмет көрсету түрлерін білу. Электрлік және гибридті көліктерді диагностикалау, техникалық қызмет көрсету және жөндеудің стандартты технологиялық процестерін үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Электрлік және гибридті автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу диагностикасының жалпы технологиялық процестерін білу, мамандандырылған технологиялық жабдықты қолдануда практикалық дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Электрлік және гибридті көліктердің конструкциялық ерекшеліктерін түсіну. Электрлік және гибридті автомобильдерге қызмет көрсету дағдыларын қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электрлік және гибридті автомобильдердің техникалық жағдайының өзгеру себептері туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Мамандар тобын тарта отырып, өндірістегі инженерлік тәжірибенің әртүрлі салаларындағы кәсіби маңызды мәселелерді шешу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- өз бетінше оқыту дағдыларын меңгеру қажет