Электр энергетикасы жүйесінің сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Сипаттама: Келесі бөлімдерден тұрады: сенімділікті бағалаудың міндеттері мен бастапқы ережелері; жүйенің сенімділігін бұзатын факторлар және олардың математикалық сипаттамасы; математикалық модельдер мен сандық сипаттамалар; математикалық модельдер мен жүйелер сенімділігінің сандық есептеулері; электр энергиясының жеткіліксіздігінің техникалық-экономикалық негіздемесі және сенімді электрмен жабдықтау тиімділігі.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Өтпелі процесстер
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- техникадағы сенімділіктің заманауи теориясы және оның әдістерін электр энергетикалық жүйелерде қолдану туралы білім алу
Міндет
- сенімділікті талдау және есептеу негізінде электр энергетикалық жүйелер мен желілердің оңтайлы құрылымын анықтау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Электрмен жабдықтау жүйелерін әзірлеу және пайдалану кезіндегі сенімділіктің рөлін білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Эксперименттер жүргізу үшін электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуі сенімділігі және электр энергиясының сапасы туралы негізгі білімге ие болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жұмыс орындарын ұйымдастыру және кәсіби қызмет объектілерінің жұмыс режимдерін есептеу қабілетіне ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Электр энергетикалық жүйелер мен желілердің сенімді жұмысына әртүрлі факторлардың әсерін талдай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өндірісте электр қауіпсіздігін сақтау, электрмен жабдықтау жүйелерінің сенімділігімен және электр энергиясының сапасымен байланысты зерттеу жобаларына қатысу