Техниклық термодинамиканың толықтырушы бөлімі
Сипаттама: Пән жылу және масса алмасудың ерекше мәселелерін қарастырады. Жылу және масса алмасуды интенсификациялау әдістері. Күрделі жүйелердің термодинамикалық тепе-теңдігінің шарттары. тепе-тең емес процестердің және ашық жүйелердің термодинамикасы, Онсажер қатынастары, жану процестерінің термодинамикалық сипаттамасы.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жылу техникасының теориялық негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистрантты жылу техникалық қондырғылар мен жүйелерді жобалау,зерттеу және пайдалану мәселелерін шешуге, энергияны түрлендіру схемаларының тиімділігін талдауға, энергия өндірудің жаңа тәсілдерінің перспективалылығын бағалауға, инновациялық әзірлемелерді практикаға енгізуге дайындау
Міндет
- термодинамикалық жүйелердің күйлерін және оларда болып жатқан процестерді сипаттауға және талдауға арналған статистикалық және термодинамикалық аппарат туралы, әртүрлі энергия көздерінің термодинамикалық негіздері туралы түсінік қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Термодинамиканың негізгі заңдарын, принциптерін және әдістерін білу және тәжірибеде қолдану
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Термодинамикалық жүйелер мен жылу қозғалтқыштарының циклдерінің сипаттамаларын есептеу арқылы техникалық термодинамика есептерін шеше білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Техникалық термодинамиканың термодинамикалық жүйелерінің параметрлері, есептеулер үшін, сонымен қатар циклдік және жылу қозғалтқыштарының есептеулері үшін білімді пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Топтық жұмыста термодинамикалық талдау негізінде күрделі есептерді шығара білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу-энергетикалық жүйелерінің жұмысын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жылу-энергетикалық жүйелерін ұтымды ұйымдастыру принциптерін түсіну және бағалай білу