Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Сипаттама: Курс ғылыми танымның негізгі әдістері мен зерттеу жұмыстарының кезеңдері туралы түсінік береді. Оқытылушы ғылыми - зерттеу жұмыстарына дайындала алады, ақпарат көздерін өңдеудің нақты әдістемелерін ендіре алады, сонымен қатар зерттеу жұмысы, оның ішінде, магистерлік диссертация жазуда әдістерді практика жүзінде қолдануды қамтамасыз ете алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Философия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Ғылыми зерттеуді жоспарлау мен ұйымдастыру дағдыларын алу мен кеңейту.
Міндет
- Зерттеу жұмысы туралы жалпы мәліметтер беру
- Ақпараттық технологиялар саласында өз бетімен зерттеулер жүргізуге қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыру
- Ақпараттық технологиялар бойынша зерттеулер жүргізудің жалпы реттілігімен танысу
- ҒЗЖ ұйымдастыру принциптерін меңгеру
- Ғылыми зерттеудің әдістемесін үйрену
- Ғылыми - аналитикалық мақала, ғылыми доклад, тезистер, ғылыми мақала және магистерлік диссертация дайындауға арналған технологияларды меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Ғылыми зерттеулердің идеяларын қолдану және ғылыми зерттеулердің дамуының негізі болатын үрдістерді ұйымдастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Магистерлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді жасау
- Ақпараттық жүйелер мен технологиялардағы ғылыми әдістемелерді қолдану
- Ғылыми зерттеулердің әдістемелерін зерттеу
- Ғылыми есептерді шешу әдістері
- Ақпараттық жүйелерді модельдеу әдістері
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылыми зерттеулер бойынша білімдерді кірістіру дағдылары, қиын сұрақтарға жауап бере алу және толык емес немесе шектеулі ақпарат негізінде үкімдерді шығару
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ғылыми зерттеулердің қорытындыларын жеткізу және оларды мамандардар мен маман еместерге нақты түрде көрсете алады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өз бетімен ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттары бойынша оқуларын жалғастыра алады.