Қаржылар теориясы
Сипаттама: Берілген курста "қаржы" санатының мәні мен жұмыс істеу ерекшеліктері, оның құрылымдық компоненттері, олардың қасиеттері мен әрекет ету принциптері көрсетілген. Ішкі және сыртқы қатынастардағы қаржы жүйесінің, қаржы механизмінің өзара әрекеттесу заңдылықтары ашылды. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қаржының өзекті мәселелері бөлінді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Қаржының теориялық аспектілері, бюджеттік және салық жүйелерінің жұмыс істеу негіздері, ҚР Бюджеттік процесінің кезеңдері бойынша білім жиынтығын кешенді түрде ұсыну, сондай-ақ қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған мемлекет пен жеке қорлардың функцияларын іске асыруға арналған мемлекеттік қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері мен заңдылықтарын зерделеу.
Міндет
- - негізгі қаржы санаттарымен танысу;
- – қаржы саясаты мен қаржыны басқару әдістеріне назар аудара отырып, қаржы жүйесі, оның функциялары мен буындары туралы ақпарат алу;
- – қазіргі әлемдегі қаржылық қатынастардың алуан түрлілігін, олардың басқа экономикалық қатынастармен байланысын түсіну;
- - қазіргі нарықтық шаруашылық жағдайында практикалық міндеттерді шешу дағдыларын қалыптастыру;
- - қаржыны басқаруды ұйымдастыру негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер студенттерге: - қаржылардың, жалпы алғанда қаржылық жүйенің теориясы бойынша тиісті білім беру; - қаржылық сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту; - қаржы жүйесінің болашақ мамандарына мүмкін болатын қаржылық жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - қаржы санатының саласы мен мәнін, яғни мемлекет функцияларын іске асыруды және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастар жүйесін білу және түсіну. Осы қатынастарды басқару туралы озық білімге ие болу; - бұл білімді кәсіби қызметте қолдану; - қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы ҚР заңнамасының нормаларын практикада қолдану; - аргументтерді тұжырымдай білу және қаржылық қатынастардың тиімділігін қамтамасыз ететін мәселелерді шеше білу - Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинақтай және түсіндіре білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - мемлекет функцияларын іске асыру және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру кезінде ақша қорларын қалыптастыру және бөлу жөніндегі қатынастар жүйесін бағдарлай білу; - шектеулі және белгісіздік жағдайында қаржы ресурстарын қалыптастырудың серпінді өзгеретін жағдайларына бейімделу - белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдау дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Аталған курс студенттерді кәсіптік қызметтерімен байланысты іскерлік этика нормаларын қадағалауды; дәстүрге, қоғамдық нормаларға, қоғадық пікірлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды; кәсіптік қызметінде – командада жұмыс істеу қабілеттілігін, өзінің көзқарасын дұрыс дәлелдей білуін, жаңа шешімдерді ұсына білуін; тіл табыса білуін, ұжымның пікірімен санаса білуін, әр түрлі ситуацияларда, әр түрлі жағдайларда мобильді және икемді болуыу қабілеттіліктерінің болуына тәрбиелейді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру; Алған білімдерін кәсіби қызметке бейімдеу; ресурстарды қалыптастыру және бөлу кезінде тиімді қаржылық шешімдер таба білу; кәсіби және жеке өсуге ұмтылу.