Есепті компьютерлендіру
Сипаттама: Курс есепті компьютерлендірудің теориялық және тәжірибелік аспектілерге арналған, соның ішінде "1 С: Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс істеу. Ол жүйені әкімдеудің кейбір функцияларын оқытады, жүйені жұмысқа дайындау, бастапқы мәліметтерді енгізу, ақшалай қаражаттар есебінің және еңбекақы, қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер есебінің ерекшеліктерін қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Бухгалтерлік есеп теориясы мен әдістемесі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «1 С: Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия» бағдарламасының қолдануымен есеп операциялады ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған режимінде орындау бойынша магистранттарда тәжірибелік дағдылар мен білімдер құру
Міндет
- «1 С: Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия» бағдарламасы арқылы есепті компютерлендірудің теориялық және тәжірибелік негіздерін оқу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- "Есепті компьютерлендіру" пәннің басқа экономикалық пәндер арасындағы орнын ажырата білу, оның пәні, әдістері және негізгі түсініктерімен танысу
- Компьютеризация жағдайындағы бехгалтерлік есепті жүргізудің мәні мен мақсатын білу
- Бухгалтелік есептің мәліметтерін компьютелік және автоматтандырылмаған өңдеулері арасында айырмашылықтарын ажырата білу
- «1 С: Кәсіпорын 8. Қазақстанға арналған бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- «1С: Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана» бағдарламасын қолданумен кәсіпорынның есеп жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін автоматтандырылған есепті ұйымдастыру бойынша меңгерген білімдерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- «1С: Предприятие 8. Бухгалтерия для Казахстана» бағдарламасын қолданумен шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін есеп айырысу операцияларын дұрыс орындай білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Есеп процесінде коммуникативті міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдарды және ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіпқой қызметін жүзеге асыру үшін, оқуды магистратурада жалғастыру үшін білім деңгейін кеңейту және жаңғырту дағдыларына ие болу