Біртұтас көлік жүйесі

Абеджанова Арай Сайлаубеккызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде мемлекеттің инфрақұрылымындағы көлік орны, көлікте қолданылатын ерекшеліктер, жіктелуі, әртүрлі көлік түрлерінің функционалдық мүмкіндіктері, жылжымалы құрамды таңдау өлшемдері, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау тарифтерін қалыптастыру әдістері, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында көліктің қызмет ету ерекшеліктері туралы түсініктерді қалыптастыруды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әртүрлі көлік түрлерімен, халық тұтынысындағы тауардарды және өндіріс жүктерін автокөлік, темір жол, су және әуе көлігімен тасымалдаудың ерекшеліктерімен танысу; студенттердің көлік туралы білім негіздерін қалыптастыру;
Міндет
  • шаруашылық саласы ретінде және мемлекеттегі көлік роліне байланысты көлік саласының айрықша ерекшеліктерімен таныстыру; - әртүрлі көлік түрлерінің технико-пайдаланымдық және технико-экономикалық негізгі көрсеткіштерін оқу; - әртүрлі көлік түрлерінде жүк және жолаушы тасымалдауда тарифтерді қалыптастырудың негізгі принциптерін оқу; - аралас қатынаста жүктерді жіберу тәсілдерімен таныстыру; - көліктік пункттермен түйіндердің жұмысы және олардың мемлекеттегі ролі туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жалпы көліктік мәселе және жеке көлік түрлерінің ерекшеліктерін ескеріп көліктік кешенді қалыптастырудың заңдылықтары туралы студенттердің білімін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттеуін тиімді ұйымдастырудың формалары мен әдістерін, олардың негізгі пайдалану және технико-экономикалық параметрлерін ескеріп қолдануға үйрету.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты тасымалдауларды орындау үшін көлік түрін және көліктік түйіндер жұмысын аймақтық ұйымдастыру әдістерін таңдауды орындау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқытудың нәтижесінде студент терең кәсіби даярлығын әртүрлі көлік түрлерін өзара әрекеттесуін ұйымдастыру бойынша қазіргі деңгейде жаңа ғылыми, өндірістік және ұйымдастырушылық шешімдерді үйлестіре алу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызметі аумағында қазіргі заманғы техниканы және ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі бойынша дағдыларын қалыптастыру
Оқыту әдістері

Сабақтар білім алушыларды білімді іздеу мен басқаруға тартуға, Міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін белсенді және шығармашылық нысандарда өткізіледі, Соның ішінде: -оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар); - ақпараттық-коммуникациялық (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Тәжірибелік жұмыстар Қажетті әрекеттер тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және ұқыпты орындайды; талдауды дұрыс орындайды. "Өте жақсы" бағалау талаптарын орындады, бірақ 2-3 кемшіліктер жіберілді. Білім алушының сұрақтарға жауабы "өте жақсы" деген жауапқа қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ білімді жаңа жағдайда қолданбай, бұрын зерттелген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі. Жұмысты толық орындамады, бірақ практикалық жұмыс көлемінің кем дегенде 50% - ы, бұл дұрыс нәтижелер мен қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын игеруде жеке мәселелер бар. Ол жұмысты көлемнің 50% - дан аспайды, бұл дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде Бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдылардың жоқтығын көрсетеді; "қанағаттанарлық" бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді, қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмайды.
Аралық бақылау 100-90% дұрыс жауаптар 89-70% дұрыс жауаптар 69-50% дұрыс жауаптар 49-0% дұрыс жауаптар
Емтихан Жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді Ол берік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, материалды еркін меңгереді, бірақ сонымен бірге маңызды емес қателіктер жібереді. Ол таяз теориялық білімді, дәлелді тұжырымдар жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, материалды, логиканы және презентацияның дәйектілігін жеткіліксіз меңгергендігін көрсетеді. Тақырыптың теориялық негіздерін білмегендігін көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, материалды нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, презентацияның қисындылығы мен дәйектілігінің жоқтығын көрсетеді, қателіктер жібереді.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе дәріс
  • Көліктегі өндірістік үрдіс, оның элементтері
  • Көлік құралдарын қолданудың көрсеткіштері
  • Тасымалдаудың өзіндік құны
  • Көліктегі күрделі салымдар (Капитальные вложения)
  • Көтерме бағалар жүйесі, тариф түрлері
  • Жолаушы тасымалдау бойынша тарифтер
  • Көлік түрлерін тиімді пайдаланудың аумағы
  • Көліктік пункт
  • Көліктік түйін
  • Өзара байланыстың ұйымдастырушық ерекшеліктері
  • Көліктік-экспедициондық қызмет көрсету (ТЭО)
  • Біріңғай көлік жүйесіндегі автомобиль, темір жол, әуе, су, және құбыр көліктерінің орны
Негізгі әдебиет
  • 1 Н.А.Троицкая, А.Б.Чубуков. Единая транспортная система, - М.: ACA-DEMIA, 2003 2 Х.З. Бейсенова. Единая транспортная система, Учебно-методический комплекс, - Павлодар : Кереку, 2011. - 86 с 3 Амиров М.Ш., Амиров С.М..Единая транспортная система. Учебник,- М.: КноРус, 2018, 184 с
Қосымша әдебиеттер
  • 1 М.С. Бурков. Специализированный подвижной состав автомобильного транспорта – М., Транспорт, 1990. 2 Голованенко Л.С., Справочник инженера - экономиста – М., Транспорт, 1986 3 АСМАП, Справочник кратчайших расстояний от основных грузообразующих пунктов до пунктов перехода границы (Россия), М., 1994 4 АСМАП, Таблицы кратчайших расстояний по иностранной территории, М., 1993 5 Европа, Атлас автомобильных дорог, М., 2000 6 Справочное пособие для менеджеров автотранспортных фирм - Алматы, 1996 7 Транспорт и перевозки: Сборник нормативных правовых актов РК, Алматы, «Виват», 2002