Екпе ормандар

Валитова Наталья Владимировна

Оқытушының портфолиосы

Асангалиев Елибек Атрауович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Әр түрлі табиғи-климаттық және орман өсіру жағдайларына және орман өсіру мақсаттарына сәйкес ағаш тұқымдарын өндіру және іріктеу жағдайлары бойынша орман екпелерін аудандастыру негізінде неғұрлым өмір сүруге төзімді, ұзақ мерзімді және жоғары өнімді екпелер құру үшін орман екпелер өндірісін дұрыс жоспарлау саласында білімді қалыптастырады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • "Орман екпелері" пәнін оқытудың мақсаты 5В080700 "Орман ресурстары және орман шаруашылығы" мамандығы бойынша орман дақылдары өндірісін дұрыс жоспарлау, өмір сүруге төзімді, ұзақ мерзімді және жоғары өнімді екпелер құру саласында орман дақылдары жұмыстарын өсіру жағдайларына байланысты аудандастыру қажет, яғни әртүрлі табиғи-климаттық және орман өсіру жағдайларында орман құру үшін ағаш тұқымдарын таңдау, сондай-ақ ағаш шикізатын орман өсіру мақсаты болып табылады
Міндет
  • Пәнді оқу барысында болашақ орман шаруашылығы ісі бакалавры орман типологиясының теориялық негіздерін; орман дақылдары алқаптарының түрлері мен санаттарын; орманды қалпына келтіру мен орман өсірудің негізгі бағыттарын; орман дақылдарын құру әдістері мен тәсілдерін меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • меңгеруі керек: орман дақылдары үшін ағаш және бұта түрлерінің ассортиментін қалыптастыру; орман екпелерінің жобасын құру; орман дақылдарын құрудың агротехникасын әзірлеу; орман дақылдарын құрудың техникалық-экономикалық шығындарын есептеу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • орман дақылдары үшін ағаш және бұта түрлерінің ассортиментін қалыптастыру; орман дақылдарының жобасын құру; орман дақылдарын құрудың агротехникасын әзірлеу; орман дақылдарын құруға арналған техникалық-экономикалық шығындарды есептеу.