1. Coursera Qazaq Tilinde бағдарламасы туралы
Coursera - бүгінгі таңда әлемнің 190-нан астам елінен 175 миллионнан аса білім алушыларды біріктіріп отырған ең ірі халықаралық цифрлық білім беру экожүйесі. Платформа 350-ден астам жетекші университеттер мен салалық компаниялармен серіктестік орнатқан. Олардың қатарында Oxford University, Columbia University, Yale University, University of Pennsylvania, Google, IBM, Intel, Boston Consulting Group және басқа да ғылым мен инновацияның танымал орталықтары бар.
Платформада 15 000-нан астам білім беру курстары мен бағдарламалары орналастырылған. Олар қысқа мерзімді тәжірибелік жобалардан бастап, магистрлік бағдарламалар мен академиялық дәреже алуға дейінгі кең ауқымды бағыттарды қамтиды. Ерекше назар жұмыс берушілер тарапынан әлем бойынша мойындалған кәсіби сертификаттарға аударылған.
Coursera жеке білім алу траекториясын қалыптастыруға икемді мүмкіндік береді: білім алушылар таңдалған мамандану бағыты бойынша 3–6 ай ішінде жаңа құзыреттерді меңгере алады немесе бірнеше сағат ішінде қысқамерзімді онлайн-жобаларды орындай алады. Мұндай формат білімнің қолжетімділігін, өзектілігін және жаһандық еңбек нарығы талаптарына сәйкес практикалық бағыттылығын қамтамасыз етеді.
2. Coursera Qazaq Tilinde жобасын іске асыру
3. Оқу нәтижелері
- 2023 жыл – курстардан өткен студенттер саны 1500 адам, берілген лицензия саны 500, жалпы қорытындысы – 1575 сертификат;
- 2024 жыл – курстардан өткен студенттер саны 1010 адам, берілген лицензия саны 500, жалпы қорытындысы – 2126 сертификат;
- 2025 жыл – курстардан өткен студенттер саны 350 адам, берілген лицензия саны 350, жалпы қорытындысы – 700 сертификат.
4. Тыңдаушылар арасында ең танымал курстар:
- Баршаға арналған жасанды интеллект (ЖИ) (DeepLearning.AI);
- Әркімге арналған генеративті жасанды интеллект (DeepLearning.AI);
- Фирма деңгейіндегі экономика: нарықтар мен бөлу (University of Illinois Urbana-Champaign);
- Зерттеу әдістерін түсіну ( University of London);
- Сәулет құру (IE Business School);
- Келіссөздер өнері (University of California, Irvine);
- Сөз тұлғалары: Жай және осы шақ (University of California, Irvine);
5. Университеттің ерекше мақтанышы – ConnectEd-2024 конференциясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті еліміздің 93 жоғары оқу орнының ішінен үздік университеттердің қатарына енді. Бұл жоғары мәртебелі мойындау университеттің инновацияларды енгізуге және әлемдік стандарттарға сай сапалы білім беруге ұмтылысын дәлелдейді.
Соңғы өзгерістер күні:15.09.2025