Егеменді демографиялық жүйенің ерекшеліктері: қазақ этносының шешуші рөлі (2009-2019 жж.)

Қысқаша сипаттамасы

Қазақстан тəуелсіздігінің маңызды белгілерінің бірі мемлекетке өзінің демографиялық негізінде дамуға мүмкіндік беретін саяси ғана емес, демографиялық егемендікке де ие болу болып табылады. Осының салдарынан өзегі қазақ этносы болып табылатын қазақстандық демографиялық жүйенің қалыптасу мəселесі бірінші дəрежелі мəнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасының егеменді демографиялық жүйесінің қалыптасуы қазақтардың демографиялық эволюциясы салда рынан ғана емес, сонымен қатар басқа халықтар санының өзгеруі салдарымен де байланысты бол ды. Сондықтан қандай да бір этностың демографиялық тарихын жалпымемлекеттік контекстіден тыс зерттеуге болмайды. Қазақстандағы этнодемографиялық жағдайға ұзақ мерзімді шолу жасай отырып зерттеу үшін осы мақалада авторлар төрт этникалық топты белгілеп алды: қазақтар, оры стар, украиндықтар жəне немістер. Бұл таңдау аталған этностардың барлық тарихи кезеңдерде Қазақстан мен оның өңірлері халқының басым көпшілігін құрағандығымен түсіндіріледі. Аталған ұлттар республикалық, сондай-ақ өңірлік этнодемографиялық процестердің даму векторын анықтаған жəне анықтайды.