Шығыс Қазақстанда халықтың қартаюы мен өлім үдерістеріндегі өзгерістер (1999-2021жж.)
Қысқаша сипаттамасы
Мақалада 1999-2021жылдар аралығында Шығыс Қазақстан өңіріндеөлім деңгейінде орын алған демографиялық көрсеткіштер: халықтың өмір сүру ұзақтығы, өлім деңгейінің жалпы коэффициенті, жас топтарына қарай 1000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіштері, аналар мен нәрестелер өлімі, ерлер мен әйелдер арасындағы өлім себептері түсіндіріліп, жалпы өңірдің демографиялық ахуалына сипаттама беріледі. Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігі - жас құрылымының аймақтық теңгерімсіздігінің өсуіне байланысты«егде» жастағы адамдар санының көбеюімен өлім деңгейінің жоғары болуы және орташа өмір сүру ұзақтығының қысқаруы болып табылады. Сондай-ақ экономикалық, экологиялық, денсаулық сақтау саласы облыстың өлім деңгейіне әсер етеді.Нәтижесінде өңірде демографиялық, әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер қалыптасады. Әлеуметтік сұраныстардың өңірдің демографиялық жағдайына сәйкес келу ықтималдығы зерттеуді өзектендіреді. Аталған өңірдегі демографиялық процестің маңызды факторы – өлім деңгейіндегі өзгерістерді жан-жақты талдау Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді.