Ақпараттық технологиялар департаменті

Ақпараттық технологиялар департаменті 2011 жылы қыркүйекте құрылған. 2015 жылдың тамызында Ақпараттық технологиялар басқармасы деп аты өзгертілді.

Ақпараттық технологиялар департаменті қызметiнiң негiзгi мақсаты ақпараттандыру бағдарламаларының халықаралық аккредитациялау және сертификаттау талаптарының деңгейiнде сапалы және тиiмдi жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

АТД құрам:

  • Техникалық сүйемелдеу басқармасы
    Басқарма бастығы - Б.Б. Нуркин
  • Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасы
    Бастығы - В.Н. Зуев

Департамент саясаты:

  • бiлiм беру қызметінің қолжетімділігін арттыру мақсатында заманауи ақпараттық технологияларды дамытып, университеттің білім беру жүйесіне енгізу;
  • университеттiң ақпараттандыру бағдарламаларын, жылдық және ағымдағы жоспарларын жүзеге асыру;
  • ақпараттық жүйелер кешенін құру, дамыту және оның қызметін қамтамасыз ету;
  • университетте ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды құру, дамыту және оның қызметін қамтамасыз ету;
  • көп және аз қолданылатын жабдықтардың, университеттiң көп деңгейлi телекоммуникациялық желi жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгін қамтамасыз ету және оның мониторингін жүргізу;
  • алдынғы қатарлы ақпараттық технологиялардың жобалануын, пайдалануын, енгізілуін, сатып алуын ұйымдастыру;
  • мультимедиалық құралдар мен ұйымдастыру техникасын сатып алуды ұйымдастыру және бөлімшелерді жабдықтау.

Негiзгi мiндеттер және басқарманың жауапкершiлiгi:

  • ұйымдастыру және бiлiм беру ақпараттық жүйелерін жетiлдiру және қолдау көрсету;
  • жергiлiктi есептеу желiлер мен есептегiш және аппаратты құралдарын және коммуникациялық жабдықтарды техникалық күту. Уақыты шектеулі жұмыстар;
  • серверлер мен белсендi коммуникациялық жабдықтарды басқару;
  • есептеу құралдарының жүйелiк бағдарламалық қамтамасыз етілуiн аспапты және қолданбалы бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу;
  • ЖОО-ның имиджын сақтау және бiлiм беру үрдісіне байланысты материалдарды ресiмдеу бойынша барлық жұмыстарды ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
  • есептеу және ұйымдастыру техникасын сатып алу, есепке алу, жөндеу, жаңару және оның есебiн жүргізу.