Наурыз - көктем мерекесі, жыл басы, жаңа серпін, жаңа леп. 12-наурызда ШҚМТУ университетінің № 2 жатақханасында, «jasSERPIN» студенттер ұйымы Ұлыстың ұлы күні - жана жыл мерекесін тойлауды бастады. Жатақхана ішінде студенттер өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік дастархан жайылды. Студенттер түскі ас барасында наурыз көжеден дәм татып, көнілді, мерекелік әндермен көңіл көтерді.