№3 жатақхана

№3 жатақхана 1968 жылы салынды, жалпы ауданы 4074,9 ш.м. құрайды.

Жоба бойынша №3 жатақхана 1-ғимараттан, 5-қабаттан тұрады. Қазіргі уақытта №1 жатақхананың жалпы сыйымдылығы 339 орынды құрайды. Ғимаратта кір жуатын орын, акт залы, интернет-сыныпты қарастырылған. Жатақхана компьютерлік класстармен, демалыс бөлмелерімен, өз бетінше дайындалуға арналған бөлмелермен жабдықталған, жаттығу залдары бар. Студенттерге жайлы тұру үшін екі-төрт орындық бөлме, тұрмыстық ас үй және жуынатын бөлмесі бар. Бөлмелер төсектермен, тумбочкалармен, киімге арналған шкафпен жабдықталған, сондай-ақ орындықтар мен үстел қарастырылған. Жатақханада душ бөлмелері бар, кір жуғыш машиналар (жартылай автомат) орнатылған, тұрмыстық ас үй электр плиталарымен жабдықталған.