ШКТУ Студенттік Ассамблеясы

арасындағы достықты, бірлікті және өзара сыйластықты нығайтуды мақсат ететін ұйым. Ассамблея университет пен қала көлемінде өткізілетін іс-шараларға, форумдарға, акцияларға және конференцияларға белсенді түрде қатысып, этносаралық келісім мен жастардың азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал етеді.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Студенттік Ассамблеяны алғаш құрған жоғары оқу орындарының бірі болып саналады. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында өз еркімен мүше болған 38 студент бар. Ұйым төрағасы қызметін 23-БЖК-1 тобының студенті Төрегелдиева Диляра атқарады, ал төраға орынбасары – 23-АУК-1 тобының студенті Азаматова Амина.

Студенттік Ассамблеяның негізгі жетістіктерінің бірі – жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Бірлік пен татулық күні» фестивалін ұйымдастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумдарына қатысу және жастар саясаты мен қоғамдық белсенділікті дамытуға қосқан үлесі үшін алған марапаттар.

Студенттік Ассамблеяның мүшесі бола отырып, сіз келесі мүмкіндіктерге ие боласыз:

  • ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілеттерді дамыту;
  • республикалық деңгейдегі жобаларға қатысу;
  • шығармашылық және коммуникациялық дағдыларды жетілдіру;
  • жаңа достар табу және жарқын студенттік өмір кешу;
  • белсенділігіңіз үшін сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болу.

Сіздерді еліміздің маңызды оқиғаларына белсене қатысуға шақырамыз!

Соңғы өзгерістер күні:
12.11.2025