Жобаларды басқару офисі

Жобаларды басқару офисі Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Жобаларды басқару офисі қызметінің басты мақсаты университеттің стратегиялық даму Бағдарламасы аясында жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру болып табылады.

Жобаларды басқару офисінің негізгі міндеттері университеттің дамуының басым бағыттарын іске асыруға бағытталған жобалық қызметтің тиімділігін арттыру болып табылады:

  • халықаралық стандарттар негізінде жобалық басқару құралдарын дамыту және алға жылжыту;
  • жобаларды іске асыру барысында ШҚМТУ бөлімшелерінің жұмысын келісу; жобаларды жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету, жобалардың өзекті деректеріне қол жеткізу;
  • жобаларды жүргізу тәжірибесін жинақтау: ағымдағы және аяқталған жобалардың жобалық құжаттамасын қамтитын үнемі толықтырылатын білім базасы.