Халықаралық инновациялық бағдарламалар секторы университеттің жоғары деңгейдегі инновациялық халықаралық бағдарламаларын енгізу жөніндегі міндеттерін шешу үшін құрылып, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім жетілдіру және білім берудің жаңа технологиялары институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Сектор қызметін басқаруды Жоғары оқу орнынан кейінгі білім жетілдіру және білім берудің жаңа технологиялары институты директорының орынбасары – СМИП жетекшісі – Швец Ольга Яковлевна жүзеге асырады.
Байланысу ақпараты: тел. +7 (723)2-540-771, e-mail: oshvets@ektu.kz
Негізгі міндеттері:
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің факультеттері мен басқа да құрылымдарына алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындарымен жоғары халықаралық деңгейдегі қазіргі заманғы инновациялық бағдарламалар бойынша жұмыс ұйымдастыруда көмек көрсету.
- Білім мен ғылым саласында инновациялық қызметтің халықаралық практикалық тәжірибесін тарату.
- Қазақстандық аккредитацияланған халықаралық педагогика орталығының қызметін үйлестіру және озық білім технологиялары саласында қосымша арнаулы білім алуда ПО құрамының қажеттілігін қанағаттандыру үшін сабақтар, семинарлар, курстар жүргізу.
- Халықаралық аккредитациялық орталық құру жұмысына қатысу.
- IGIP Қазақстан ұлттық мониторинг комитеті және Қазақстан инженерлік педагогика қоғамы арқылы IGIP және IFEES сияқты халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.
- Білім беру қызметтерін көрсету арқылы бюджеттен тыс қаражаттарды тарту.
Бернелері және негізгі қызмет түрлері:
- Алдыңғы қатарлы шетел жоғары оқу орындарымен байланыс жасап, олармен ынтымақтастық құру. Шетел жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және профессорларымен халықаралық идеялар және тәжірибе жағынан алмасуды жүзеге асыру. Инженерлік білімнің түрлі салаларындағы мамандармен байланыс жасауды қолдау.
- Жоғары халықаралық деңгейдегі бағдарламаларды зерделеу және оларды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқу үдерісіне енгізу.
- Іс-әрекетте пайдаланылатын жоғары халықаралық деңгейдегі бағдарламаларды жетілдіру және оларды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде қолдану үшін бейімдеу.
- Жоғары оқу орындарының оқытушыларын IGIP және IFEES жанында аккредитацияланған орталықтарда инженерлік педагогика қоғамы ұсынған бағдарламалар бойынша қазіргі заманғы инженерлік педагогика курстарында оқытуды ұйымдастыру.
- Қазақстанның жоғары оқу орындарына IGIP және IFEES өткізетін барлық іс-шаралар туралы ақпаратты ұсыну.
- Инновациялық білім берудің барлық түрлері бойынша ШҚМТУ кафедраларымен және факультеттерімен өзара әрекет ету негізінде оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысу.
- Консультациялық және жарнамалық қызмет көрсету.
- IGIP Қазақстан ұлттық мониторинг комитеті арқылы Халықаралық инженерлік жоғары оқу орынның оқытушысы (ING-PAED IGIP) және Еуропа инженері (EUR-ING) атақтарын алу үшін Халықаралық мониторинг комитетіне өтінім жіберу бойынша жұмысты орындау.
- Білім беру қызметі жоғары оқу орындарымен және басқа да мекемелермен жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
- Оқу курсын өткен тыңдаушыларға тиісті құжаттар тапсыру.
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің алдыңғы қатарлы оқытушыларынан, ғылыми қызметкерлерінен, сондай-ақ кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің алдыңғы қатарлы ғалымдарынан, мамандарынан, басшыларынан қазақстандық аккредитацияланған инженерлік педагогика орталықтарында ұжым құру бойынша жұмыс жүргізу.
- ПО құрамының қазақстандық аккредитацияланған инженерлік педагогика орталығындағы жұмысын университет ішіндегі немесе одан тыс жердегі қосқызметтілік, сағаттық төлем жағдайында немесе еңбек шартына берілген толықтырумен нақтыланған жағдайда жүзеге асыру, бұл шарт көрсетілген санаттағы тұлғалардың әрбіреуі және СМИП жетекшісінің ұсынымы бойынша оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор арасында жасалады.
16.06.2019