"Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" фронт – офис Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ-дың

"Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" фронт – офис Д. Серікбаева атындағы     ШҚМТУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы даму стратегиясын іске асыру үшін онлайн сервис жүйесінде  қызметін бастайды.

Фронт-офистің жұмыс істеу мақсаты-университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар қызметінің барлық бағыттарын үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі формаларынан бос атмосфера мен аумақты құру.

"Сыбайлас жемқорлықтан тыс университет" фронт–офисі қызметінің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы университет қызметін үйлестіру;
  • жоғары  оқу орындары  аумағында өтетін барлық білім беру, ғылыми-зерттеу, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу,

"Сыбайлас жемқорлықтан тыс Университет" фронт-офисінің құрылымы:

  • Адалдық Лигасы, Академиялық адалдық жөніндегі комиссия
  • Штаб Таза сессия
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін мониторингілеу орталығы
  • "Адал" студенттер орталығы.