Мемлекеттік сатып алуды жүргізу тәртібі

Қолданылатын құралдардың адекваттылығын талдау және жаңа құралдарды алу қажеттілігі университеттің құрылымдық бөлімдерінің сұранысы бойынша қалыптасатын жылдық сұранысты қалыптастыруда «Мемлекеттік сатып алуға сұраныс» жүйесі арқылы жүргізіледі. Корпоративтік ішкі жүйе «Мемлекеттік сатып алуға сұраныс»- унивесрситеттің өзі дайындаған жүйе - төмендегі процесстерді толықтай автоматтандырады: ЖОО-ның құрылымдық бөлімдерінің қызмет, товар, жұмыс түрлеріне мемлекеттік сатып алуға сұранысын жоспарлау; бекітілген шығын нормаларына сәйкес сұраныс компанияларын жүргізу; қаржылық мүмкіндіктердің болуына және басымдылығына сәйкес сұраныстарды таңдау.

Өңделген, келісілген, бекітілген сұраныс негізінде, мемлекеттік сатып алудың респубикалық веб-порталына экспорт жасау үшін, консолдық мемлекеттік сатып алудың автоматтық қалыптасуы жүзеге асады. Жүйе құралдарды сатып алу бойынша ақпараттарды жинақтайды, сұраныс негізінде жүргізілген мемлекеттік сатып алу бойынша статистика және есепті қалыптастырады, соның ішінде, графиктік бейнелеу мүмкіндігімен аналитикалық және регламенттік есепті қалыптастырады.

Сонымен, жүйе университеттің сатып алу іс-әрекетіне талдау жүргізеді және сұраныстардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді.