Халықаралық білім беру бағдарламалары орталығы

Орталық 2019 жылдың қыркүйек айында Өскемен халықаралық жоғары техникалық мектебінің базасы негізінде құрылды.

Халықаралық білім беру орталығының негізгі мақсаты - білім беру бағдарламалары мен жобаларды бірлесе жүзеге асыру арқылы академиялық ынтымақтастықты дамыту.

Ортылығымыздың басты міндеттері:

  • бірлескен білім беру бағдарламасы арқылы жоғары білікті мамандарды даярлау;
  • бірлескен білім беру бағдарламаларың дайындауға және іске асыруға көмектесу;
  • бірлескен білім бері бағдарламалары аясында ШҚМТУ студенттері мен магистранттарының академиялық алмасуын ұйымдастыру;
  • ШҚМТУ имиджін жоғарлату.

Халықаралық білім беру бағдарламалары орталығының атқарымы:

  • студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға бірлескен білім беру бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша кеңес беру;
  • бірлескен білім беру бағдарламасына қатысушыларының өтінімдерің қабылдау;
  • оқыту бөлімдерімен үйлестіру және кеңес беру жұмыстары;
  • халықаралық қауымдастықтармен бірлескен білім беру бағдарламасың енгізу бойынша өзара әрекеттесу;
  • бірлескен білім беру бағдарламасына қатысушы студенттер мен магистранттардың жеке жоспарларын келістіру;
  • ШҚМТУ порталында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде бірлескен білім беру бағдарламалары орталығының қызметін көрсету.