Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) қабылдау комиссиясы университеттің барлық білім беру деңгейлеріне талапкерлерді қабылдауды ұйымдастырады және қабылдау жұмыстарын жүзеге асырады.
Қабылдау комиссиясының негізгі мақсаты – барлық талапкерлер үшін ашық, объективті және қолайлы қабылдау үдерісін қамтамасыз ету.
Қабылдау комиссиясының негізгі функциялары:
1. Талапкерлерге ақпарат беру
Қабылдау комиссиясы талапкерлерге қабылдау ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері, қажетті емтихандар мен өту балдары (ҰБТ, КТ, түсу емтихандары) туралы кеңес береді.
Өзекті ақпарат пен хабарландырулар Университеттің ресми сайтындағы «Қабылдау» бөлімінде жарияланады.
Толығырақ: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017650
Бакалавриат /matriculant.aspx,
Магистратура /magistracy.aspx
Докторантура /doctorate.aspx
2. Құжаттарды қабылдау
Құжаттар Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес белгіленген мерзімде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау тәртібі мен нақты мерзімдері келесі бөлімде көрсетілген:
Талапкер күнтізбесі /enrollee2.aspx
3. Гранттарды тағайындау конкурсы
Қабылдау комиссиясы мемлекеттік білім беру гранттары мен Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдайды және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетеді.
4. Университеттің білім алушыларының қатарына қабылдау
Қабылдау науқаны аяқталғаннан кейін қабылдау комиссиясы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға оқуға қабылдау туралы бұйрықтар шығарады.
5. Шетелдік талапкерлерды қабылдау
ШҚТУ бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шетел азаматтарын белсенді түрде қабылдайды.
Толығырақ: /enrollee/internationalstudents.aspx
Соңғы өзгерістер күні:24.10.2025
