Қашықтықтан оқыту орталығы

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологиялары (ҚОТ) 2005 жылдан бастап қолданылады, қысқартылған білім беру бағдарламалары техникалық және кәсіптік, жоғары білім бағдарламалары бойынша күндізгі оқу түрінде оқитын студенттер, физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар және сондай-ақ елден тыс жерлерге алмасу, ғылыми тағылымдамалар және академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқуға кеткен күндізгі оқу түрі студенттері үшін.

ШҚМТУ-да білім беруді басқарудың таратылған ақпараттық жүйесі бар сондай-ақ ҚОТ бойынша оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкес телекоммуникациялық, ақпараттық, материалдық-техникалық қамтамасыздырылған. ШҚМТУ-дың бірыңғай ақпараттық білім беру ортасы SPORTAL бағдарламалық-аппараттық кешенімен ұсынылған, ол екі қуатты кіші жүйелердің интеграциясын білдіреді: Веб-қосымша-Dales of Knowledges білім беру порталы және SPORTAL ақпараттық-бағдарламалық кешені. Білім беру порталы SPORTAL ішкі жүйелермен ұсынылған.

ҚОТ бойынша оқу үшін сізге қажет: 

  • дербес компьютердің болуы немесе дербес компьютерге, цифрлық гаджетке үнемі қол жеткізу мүмкіндігі;
  • компьютерлік мультимедиа жабдығының болуы: веб-камера, құлаққаптар / немесе құралдар;
  • интернет желісіне қатынау;
  • электрондық құжаттарды жасау және жөндеу үшін электрондық поштамен және офистік бағдарламалық пакеттермен жұмыс істеу дағдысы