Физика орталығы

Физика орталығы — Халықаралық инженерия мектебі факультетінің құрылымдық бөлімшесі. Оның негізгі міндеті — болашақ инженерлерді даярлау, яғни кәсіби қызмет үдерістері мен нысандарын модельдеу және визуализациялау үшін алған білімдерін қолдану құзыреттерін қалыптастыру.

Физика орталығының қызметі физика саласында алынған базалық білім негізінде білім алушылардың кәсіби саладағы цифрлық жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Білім беру бағдарламалары

«Техникалық физика», даярлау деңгейлері: бакалавриат, магистратура және докторантура.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының филиалы — Атом энергиясы институты, «Plazmascience» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС сияқты өңірдің ірі кәсіпорындарымен және басқа да ұйымдармен тығыз ынтымақтастық физика және материалтану саласындағы мамандарға сұраныстың жоғары екенін растайды, өйткені олардың кәсіби қызмет саласы өнеркәсіптің түрлі салаларының негізін құрайды.

Миссия: Заманауи ғылыми білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, ғылымның, техника мен өнеркәсіптің өзекті міндеттерін шеше алатын техникалық физика саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.

Мақсаты: Техникалық физика, заманауи материалдар мен инновациялық технологиялар саласында сапалы білім беруді қамтамасыз ету және білім алушылардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту.

Тұжырымдамасы: Ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау үшін іргелі физикалық білімді, қолданбалы зерттеулер мен заманауи инженерлік технологияларды ықпалдастыру.

Негізгі міндеттер:
  1. Техникалық физика саласында мамандарды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.
  2. Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту.
  3. Заманауи білім беру технологиялары мен оқытудың инновациялық әдістерін енгізу.
  4. Білім, ғылым және өндірісті ықпалдастыру.
  5. Отандық және шетелдік ғылыми-білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту.
  6. Өзекті ғылыми-техникалық міндеттерді шешуге қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
Ғылыми қызмет

«Техникалық физика» бағыты бойынша ғылыми қызмет іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, заманауи ғылыми технологияларды енгізуге және физика, материалтану мен инженерлік ғылымдар саласында жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған. Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарына қатты дене физикасы, материалтану, нанотехнологиялар, плазмалық технологиялар, функционалдық және қорғаныш жабындарды әзірлеу мен зерттеу, материалдардың физикалық-механикалық қасиеттерін зерделеу, сондай-ақ физикалық үдерістерді математикалық және компьютерлік модельдеу жатады. Ғылыми-зерттеу қызметі заманауи материалдар мен технологияларды зерделеуді, олардың пайдалану сипаттамаларын арттыру әдістерін әзірлеуді, құрылымдық-фазалық өзгерістерді зерттеуді және өзекті ғылыми-техникалық міндеттерді шешуде инновациялық тәсілдерді қолдануды көздейді. Студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми-зерттеу конкурстарына, халықаралық конференциялар мен ғылыми-техникалық іс-шараларға қатысып, өз зерттеулерінің нәтижелерін ұсынады және ғылыми қызмет бойынша практикалық тәжірибе жинақтайды. Ғылыми әлеует университеттің ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс-қимылы жағдайында дамытылады, бұл білім, ғылым және өндірістің ықпалдасуына ықпал етеді.

Жетістіктер мен марапаттар

Физика орталығының студенттері мен магистранттары жыл сайын республикалық және халықаралық ғылыми конкурстарға, конференцияларға, олимпиадаларға, зияткерлік, спорттық және шығармашылық іс-шараларға белсенді қатысып, кәсіби даярлығының, зерттеу дағдыларының және шығармашылық әлеуетінің жоғары деңгейін көрсетеді.

«Техникалық физика» білім беру бағдарламасының білім алушылары студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурстарында, халықаралық ғылыми-техникалық конференциялар мен студенттік чемпионаттарда бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегер атанды.

Ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктер, соның ішінде ғылыми жұмыстардың республикалық конкурстарындағы жүлделі орындар, Global HackAtom халықаралық чемпионатына және заманауи инженерлік технологияларға, цифрландыру мен жасанды интеллектке арналған ғылыми-техникалық конференцияларға қатысу ерекше орын алады.

Ғылыми жетістіктермен қатар студенттер зияткерлік және спорттық жарыстарда, дебат турнирлерінде, қоғамдық және шығармашылық іс-шараларда жоғары нәтижелер көрсетіп, түрлі деңгейдегі дипломдар, грамоталар, сертификаттар мен алғыс хаттарға ие болады.

Соңғы өзгерістер күні:
16.11.2026