Күндізгі бөлім: 4 жыл.
Профильдік пәндер: 1 бейінді пәндер - математика, 2 бейінді пәндер - информатика
Берілетін дәреже: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бакалавры
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Есептеу техникасын қолдануымен бағдарламалық қамтаманы әзірлеу мен ендіру үшін желілік әкімшілік ету сферасы, архитектураны жобалау, аппаратты-бағдарламалық кешендер мен жүйелердің математикалық, ақпараттық және бағдарламалық қамтама элементтері бойынша дағдылары мен білімдері бар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындау
Кәсіби қызмет саласы:
Әр түрлі салаларда есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтаманы әзірлейтін, ендіретін және пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.
Кәсіби қызмет объектісі:
- есептеу техникасы құралдарын бағдарламалық қамтамасыз ету;
 - есептеуіш машиналар, кешендер, жүйелер мен желілер;
 - желілерді әкімшілендіру;
 - деректерді өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелері;
 - бағдарламалық кешендер мен жүйелер;
 - аппараттық-бағдарламалық кешендер;
 - мобильді қосымшалар;
 - ақпараттық қауіпсіздікті қорғау әдістері.
 
Кәсіби қызметінің функциялары:
- жобалау-конструкторлық қызмет: жобалық және жұмыс техникалық құжаттамасын әзірлеу және ресімдеу; әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау;
 - жобалау-технологиялық қызмет: бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу кезінде заманауи аспаптық құралдарды қолдану; кәсіби қызмет нысандарын жобалау мен зерттеудің заманауи бағдарламалық-әдістемелік кешендерін игеру және қолдану;
 - өндірістік-технологиялық қызмет: ақпаратты өңдеу мен басқарудың компьютерлік жүйелерінің компоненттерін құру, берілген сападағы бағдарламалар мен бағдарламалық кешендердің өндірісі; аппараттық-бағдарламалық кешендерді тестілеу және жөндеу;
 - сынақ бағдарламасы мен әдістемесін әзірлеу, кәсіби қызмет объектілеріне сынақ жүргізу;
 - инновациялық қызмет: стратегиялық жоспарлауды АКТ, кәсіпорындар мен ұйымдардың инфрақұрылымымен келісу.
 - ұйымдастыру-басқару қызметі: жұмыс орындарын, олардың техникалық жабдықтауын ұйымдастыру, компьютерлік жабдықтарды орналастыру;
 - ғылыми-зерттеу қызметі: - зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін ендіруге қатысу.
 - монтаждау-реттеу қызметі, сервистік-пайдалану қызметі:
 
Мамандық бойыша лауазымдарының тізбесі:
Жүйелік-талдаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы; бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша маман; деректер қорының әкімшісі; бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалаушы, мобильді қосымшаларды әзірлеуші; деректер қорын сүйемелдеу жөніндегі инженер, деректер қорын басқару жөніндегі маман (деректер қорының әкімшісі); АТ саласындағы бизнес-талдаушы, бағдарламашы-талдаушы.
Оқуды аяқтағаннан кейін берілетін дәреже:
"6B06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры
Түлектердің «7M06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша ШҚМТУ магистратурасында оқуларын жалғастыруға мүмкіндік бар.
Қосымша сілтемелер:
- YouTube - https://www.youtube.com/channel/UCWbNJ8XGUZyiSuNttDhIQHQ
 - Instagram - https://instagram.com/itschool_ekstu?igshid=1rh8e5w9287xd
 - Telegram - @EKSTU-helper_bot; @EKSTU-bot
 
07.11.2024