«Ақпараттық технологиялар» оқу зертханасы

«Ақпараттық технологиялар» оқу зертханасы ақпараттық технологиялар саласында білім алушыларды практикаға бағдарланған даярлау үшін жағдай жасайды. Оның материалдық-техникалық базасы зертханалық жəне практикалық сабақтарды өткізуге, оқу жəне студенттік жобаларды орындауға, заманауи бағдарламалық құралдар мен цифрлық шешімдерді əзірлеу технологияларын меңгеруге пайдаланылады.

Негізгі жұмыс бағыттары бағдарламалау, 3D модельдеу, интерактивті қосымшаларды əзірлеу, виртуалды жəне кеңейтілген шындық технологиялары, киберспорт жəне білім беруді геймификациялаумен байланысты. Зертхана оқытушылар мен білім алушылардың білім беру жəне жобалық бастамаларын іске асыруына техникалық жəне ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді.

Мақсаты

Заманауи материалдық-техникалық базаны, практикаға бағдарланған оқытуды жəне оқу əрі студенттік жобаларды іске асыруды пайдалана отырып, ақпараттық технологиялар саласында білім алушыларды сапалы даярлауға жағдай жасау.

Міндеттері

  • Ақпараттық технологиялар саласындағы пəндер бойынша зертханалық жəне практикалық сабақтарды өткізуге жағдай жасау.
  • Заманауи бағдарламалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді əзірлеу, үшөлшемді модельдеу, виртуалды жəне кеңейтілген нақтылық технологияларын меңгеруге жəрдемдесу.
  • Курстық, дипломдық жəне басқа да оқу жобаларын орындауға қолдау көрсету.
  • Білім беру жəне жобалық бастамаларды іске асыру кезінде оқытушылар мен білім алушыларға техникалық жəне ұйымдастырушылық көмек
  • Зертхана құзыреті шегінде студенттердің ғылыми-зерттеу жəне технологиялық қызметіне жағдай жасау.
  • Университет міндеттері аясында цифрлық шешімдерді əзірлеуге, тестілеуге жəне сүйемелдеуге қатысу.
  • Жабдықтар мен бағдарламалық ортаның жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету, зертхананың материалдық-техникалық базасын дамытуға жəрдемдесу.
Соңғы өзгерістер күні:
16.11.2026