Тәрбиені де, білімді де бөліп қарастыруға болмайды, олар адамзаттың ортақ қазынасы.
Білім бермей, тәрбиелеу мүмкін емес, кез-келген білім тәрбие береді.
Л.Н. Толстой
Кафедрада мақсатты бағытта тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіледі, үнемі студент жастарды тәрбиелеу мәселелері бойынша Университеттің жұмыс жоспары орындалады.
Кафедрада 10 оқытушы оқу топтарының кураторлары болып табылады. Олар білім алушылардың патриоттық тәрбиелеуге көп көңіл бөледі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын, жастардың салауатты өмір салтын талқылау, түсіндіру және насихаттауға жүйелі түрде кураторлық сағаттар, сұхбаттар және пікірталастар өткізіп, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жөніндегі жоспарлары талқыланады.
2016-2017 оқу жылында келесі іс-шаралар жүргізілді:
- жыл бойы кафедраның оқытушылары оқылатын пәндерінде білім алушылар арасында, мемлекеттің тілдерді дамыту жөніндегі қызметі – «Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы» туралы ақпараттық-насихат жұмысын жүргізді;
- 22.09.16 ж. – кітапхананың оқу залында «Егеменді елдің ұлы мерекесі» тақырыбына ауызша журнал өткізілді;
- 23.09.16 ж. –15-БМК-1 тобында «Тілі бұлдыр халықтың болашағы бұлыңғыр» дебат турнирі өтті. Турнир қорытындысы бойынша Елдар Союзбек (15- БЭТК тобы) үздік спикер және Ермуханбетова Ақмарал (15- БЭК тобы) ең үздік модератор атанды;
- 26.01.2017 ж. – 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада алауын қарсы алу (16-БЭ-1, 16-БЭК топтары, кураторлары Окасов Д. Е., Удовицкая Е. Ю.);
- 11.03.2017 ж. - университеттің профессорлы- оқытушылық құрамының физикалық және рухани дамуына жыл сайын өткізілетін шаңғымен жүгіруде кафедраның ПОҚ қатысты;
- 2017 ж. сәуір – Универсиада-2017 жүлдегерлерімен студенттер мен кафедра ПОҚ-ның кездесуі ұйымдастырылды;
- 15.05.2017 ж. –15-БЭ-1, 14-БЭ-1 топтарының студенттері Назарбаев университеті өкілдері өткізген «ABC Quick Start» іс-шарасына қатысты;
- Экономиканың 2 және 3 курс студенттерінің «START TO MARS» командасы спорттық-интеллектуалдық сайыста жүлделі ІІ орынға ие болды; студенттер «Караван» газетіне, «Almaty ТV» телеарнасына және Республикалық «КТК» арнасына сұхбат берді;
- студент Дуйсенбекова Айгерим (14-БЭ-1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Мен жастарға сенемін!» IV Республикалық патриоттық студенттік форумының финалисті болды. Студенттік эссе конкурсында екі номинация бойынша жеңіске жетті: «Жас қазақ» газетінің «Ақиқатқа адалдық» номинациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің «Шешім» номинациясы бойынша.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі форумның арқауы болды: «Қазақстан ХХІ ғасырда мықты және гүлденген болу үшін жастардың қажыры мен таланты, бірлігі, күштері жететініне сенемін. Сіздер қазіргі заманғы Қазақстанның идеалында тәрбиелендіңіздер. Өз еңбектеріңізбен, білімге құштарлықпен және нақты істермен сіздер біздің мәңгілік Отанымыз - Мәңгілік Елді әйгілі етесіздер. Мен жас азаматтарымыз Тәуелсіздік мұратына адал болатынына, біздің Отанымыздың табыстарының эстафетасын жалғастыратынына сенемін».
Кафедра студенттері ШҚМТУ-тің барлық мәдени-бұқаралық іс-шараларына белсене қатысады: «Студенттер қатарына қабылдау», «Бірінші курс таланттары», «Студенттік көктем-2017».
Соңғы өзгерістер күні:
23.10.2017