Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің университеттің стратегиялық даму Бағдарламасына сәйкес кәсіпкерлік бойынша зерттеушілік пәндік «Жас кәсіпкер» сайысы ұйымдастырылып өткізілді.
Олимпиадаға Өскемен қаласы мен облыс бойынша орта мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің және колледждердің 1-курс студенттерінен құралған 25 команда қатысты. Конкурстар қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша 4 командаға «Жас талантты кәсіпкер» номинациялар берілді: №26 орта мектебі ММ, ШҚ Технико-экономикалық колледжі, М. Ломоносов ат. орта мектебі ММ (Мамай батыры а.) және №20 мектеп-гимназиясы ММ. Пәндік олимпиаданың жүлдегерлеріне Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректорының атынан сыйлықтар мен оқу ақысын жеңілдіктер табысталды.
Имидждік жұмыстарды жүргізу шеңберінде кафедраның аға оқытушысы Жанабаев А.С. жыл сайын Өскемен қаласының жоғары оқу орындары өткізетін пәндік-экономикалық олимпиадаларға тұрақты түрде қатысатын №24 орта мектептің инженерлік сынып оқушыларының командасын басқарады.
Соңғы өзгерістер күні:
23.10.2017