Әскери-патриоттық тәрбие және жалпылама қорғану жұмысы


Әскери кафедра студенттері жауынгер-интернационалистерді Еске алу Ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

15 ақпан күні Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған «Жауынгер- интернационалистерді Еске алу Ескерткішіне» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Гүл шоқтарын қоюға Өскемен гарнизонының жауынгерлері, Ұлттық гвардия әскерлері және қаламыздың қоғамдық ұйымдары қатысты.

Салтанатты рәсім кезінде жауынгер-интернационалистер, қаланың қоғам қайраткерлері және Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері сөз сөйледі, олар қазақстандық жауынгерлердің Ауғанстандағы халықаралық борышын орындауға қатысты ерліктері туралы айтып өтті.

Бұрынғы Кеңес Одағының көптеген отбасылары үшін бұл ежелгі ел кеңестік газеттер жазғандай, «халықаралық борышын» орындаған ұлдары үшін қайғы мен қорқыныштың символына айналған. Ауғанстандағы соғыс 9 жыл 1 ай және 18 күн бойы созылды. Шет елде 14 мыңнан астам кеңес жауынгері қаза тапты, 6 мыңдаған адам ауыр жараланғандықтан қайтыс болды, 311 адам жоғалып кетті.

 Бұл Кеңес Армиясының Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең үлкен шығыны еді. 30 жыл уақыт бізді осы оқиғалардан алыстатқандай. Алайда, соғыс туралы естеліктер әлі күнге дейін аналар мен әкелердің, жесірлердің, үйіне қайтып оралған жігіттердің жүрегіне жара салары анық.

Егер біз жеңілгендердің батылдықтарына таңданатын болсақ, қазіргі таңда арамызда жүрген өз денсаулықтарын құрбан еткендерді де, қаза болған әскери қызметшілердің өздерін де, отбасыларын да ұмытуға хақымыз жоқ. Сол себепті мемлекетіміздің міндеттерінің бірі-оларды қолдау, лайықты өмір сүруге жағдай жасау болып табылады.

Гүл шоқтарын қою рәсімінің соңында қаламыздың шығармашылық ұжымдарынан Металлургтер Мәдениет үйінде концерт ұйымдастырылды.


Әскери кафедра кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығын атап өтті

14 ақпан күні Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің маслихат залында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30-жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді.

Бұл шараға Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасында оқып жатқан студенттер мен оқытушылар қатысты. Іс-шара барысында интернационалист - жауынгерлеріне алғыс хаттары табыс етілді, соның қатарында әскери кафедрамыздың аға оқытушысы (қордағы) подполковник С.И. Веселков және отставкадағы подполковник В.М. Затримайлов бар, сонымен қатар әлеуметтік және азаматтық дамуы департаменті бастығы Н.Л. Краснобаева, Шығыс Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ж. Билалов, жауынгер-интернационалист (қордағы) подполковник С.И. Веселков өз тілектерін білдірді.

Салтанатты кездесу студенттер мен әскери кафедраның оқытушылары қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды ,сондай-ақ қонақтармен, жауынгерлермен, ауған соғысының ардагерлерімен және әскери кафедра студенттерімен бірге ортақ суретпен тәмәмдалды.


Әскери кафедра студенттері Үндістанға барып қайтты.

2019 жылдың 15-30 қаңтар аралығында «Youth Exchange Programme» тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасының студенттері Ахметова Мәдина – Энергетика факультеті, Кайранова Камила - Ақпараттық технологиялар мектебі және Разханов Жомарт - Инженерия факультеті Үндістан Республикасына барды.

Сапар, Үндістан Республикасы күнін мерекелеу құрметіне Үндістан үкіметінің шақыруы бойынша өтті, сондай-ақ, аталған бағдарламаға Қырғызстан, Ресей, Сингапур, Вьетнам Непал, Бангладеш, Бутан, Мальдив және Шри-Ланка сияқты он елдерінің кадеттері қатысты.

Сапар барысында студенттер білім алып, тәжірибе алмасты. Ұлттық мұражайларға экскурсия жүргізіліп, Үндістан Президентінің ресми қабылдауында болды. Үндістан премьер-министрі мен қорғаныс министрімен бірлескен кешкі ас өткізді, сонымен қатар, олар Дели, Агра, Джайпур сияқты қалалардың тарихи көрікті жерлерінде болды. Ең бастысы, әлемнің жеті кереметінің бірі – әлемге әйгілі Тадж-Махал кесенесінде болып кайтты.

Мұндай сапарлар біздің халықаралық достықты нығайтуымен қатар біздің университеттің, Қарулы Күштеріміздің және жалпы еліміздің беделін арттыруы болып табылады.

Әскери кафедра студенттері Үндістан Республикасына сапарын ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ  ректоры Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлына алғыстарын білдіреді.

Әскери кафедра циклының бастығының МА
майор Олжас БАУКЕН
студент Мәдина АХМЕТОВА


2019 жылғы 26 қаңтарда Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 34 мектеп-Лицейі» КММ-де Ленинград блокадасының алынғанына 75 жыл толуына арналған қаланың 10 сынып оқушылары арасында «Қайсар қыздар» әскери-патриоттық ойыны өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуі, салт-дәстүрлерді жалғастыру және неміс-фашистік басқыншылардың жоюына үлкен үлес қосқан Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерліктері мен тарихын еске алу.

Ойынға қазылар алқасы ретінде Д. Серікбаев ШҚМТУ әскери кафедрасының офицерлері қатысты, ал құрметті қонақтардан ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері мен Өскемен қаласының интернационалист жауынгерлері шақырылды.

Әскери кафедра цикл бастығынын МА
майор Олжас БАУКЕН


МЕРЕЙТОЙЛЫ СПАРТАКИАДА

2019 жылғы 13 қаңтарда, полковник О.А. Манцуров басқаратын әскери кафедраның профессорлық-оқытушы құрамы Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ қызметкерлері арасындағы өткізілетін алпысыншы дәстүрлі мерейтойлы спартакиадасына қатысты.

Спартакиада қатысушыларына құттықтау сөзінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж. Шаймарданов сәттілік және жеңіс тілектерін білдірді. Жарыс үш кезеңнен тұрды және қатысушылар үш топқа бөлініп өздеріне команданың атын және девиздерін айтып шықты. Спартакиаданың жеңімпаздары және жүлдегерлері мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар жарыс кезінде жоғары командалық рух және жеңіске жетудің жігерлігін көрсетіп бір біріне жақсы көніл күй сыйлады.

Әскери кафедра цикл бастығының МА
майор Олжас БАУКЕН


ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

2018 жылғы 14 желтоқсанда әскери кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы және студенттері ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жаналысқа қатысты.

Шара кезінде университетінің ректоры Ж.Қ. Шаймарданов салтанатты түрде сөз жолдады, одан басқа университеттің жеке құрамына мадақтамалар, кеуде белгілері және алғыс хаттары табысталды, салтанатты жиналыс университеттің және қаланың шығармашылық топтар қойылған мерекелік концертпен аяқталды.


Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедрада қордағы лейтенант погондары табысталды

2018 жылғы 12 желтоқсанда Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедраны тәмәмдаған түлектерге қордағы лейтенант погондарын және әскери билеттерді салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты шарада келесі тұлғалар өз тілектерін білдірді:

  • ШҚО әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі көмекшісі полковник Сакауов Адлет Балташевич;
  • ШҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Билалов Такен Жунусович;
  • ШҚМТУ әлеуметтік және азаматтық дамуы департаментінің аға маманы Жанабаева Гульнара Нуртасовна;
  • ШҚМТУ әскери кафедраның бастығы полковник Манцуров Олег Александрович, жолдаған тілектерінде олар түлектерге үлкен табыстар, офицер атағын абыроймен ұстап және біздің Отанымыздың қорғаныс қабілетін ары ғарай арттыруға тілек білдірді ал қазыр оқып жатқан студенттерге оқуды сәтті аяқтап офицерлер құрамына оң аяқпен басуды деп тілектер жолдады.

Әскери кафедра
цикл бастығының МА
майор Олжас БАУКЕН


Әскери кафедрада үздіктер анықталды

2018 жылғы 7 желтоқсанында Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасында Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздік күніне» арналған қолтанбалы-әскери спорт түрлерінен жарыстар өз мәресіне жетті.

Жарыс, желтоқсанның 4-7 дейін, АК-74 автоматты шашу қайта жинау, жалпыәскери қорғану комплектті кию нормативтары бойынша және әскери кафедрада оқитын қыздар арасында Дартстан жарыстар өткізілді.


Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасында Риддер қаласының оқушылары

2018 жылғы 19 қараша қүні Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедрасында Риддер қаласының КММ № 10 және № 5 Орта мектептеріне арналған таныстыру экскурсия өткізілді. 

Экскурсия барысында оқушыларға атыс қару-жарақты, әскери техниканы, аудиториялар, класстар, бокстар көрсетілді және олармен атыс қарумен шағын практикалық сабақ өткізіп олар өз қолымен автоматты шашу және жинақтау нормативін орындады одан басқа оқушылар электроннды тирда атып өз білімдерін ары нығайтты.

Одан басқа оқушыларға әскери қафедрадағы оқылатын мамандықтар бойынша, оқу шарттарын және әскери кафедраны тәмәмдаған кемшіліктерді жеткізіді,  бірақ әскери кафедрада оқуға ең бастысы Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ университетіне түсуіне керек деп оларға жеткізді.


ШҚО-да сарбаздар күні

2018 жылғы 13 қарашада Өскемен қаласындағы «Ertis Кonsert» орталық мәдениет үйінде ШҚО Қорғаныс жөніндегі департаментімен  ұйымдастырылуымен ҚР ҚК жас сарбаздар әскерге аттануына байланысты салтанатты шара өтті.

Жастарды әскери патриоттық тәрбиелеу мақсатында аталған шараға Д. Серікбаева атындағы ШҚМТУ әскери кафедрада оқитын студенттер де қатысты, олар жас сарбаздар мерзімді әскери қызметке аттануына күә болды.

Салтанатты шара қаланың және 27943 әскери бөлімінің шығармашылық топтары қойылған концерттік бағдарламасымен аяқталды.


Ұлы Отан соғысының жауынгеріне құрмет.

2018 жылдың 2 қарашасында, Өскемен қаласының «Жеңіс» мемориялдық кешенінде,  Ұлы Отан соғысының ардагері , ШҚО, Черамшанка ауылының тұрғыны  Филип Иванович Антроповты жерлеу рәсімі өтті.

Ардагерге құрмет көрсетіп, гүл шоғын қою рәсіміне   Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ- нің әскери кафедрасында білім алушы  студенттер мен оқытушылар және ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі  департаментінің әскери қызметшілері, Ұлттық гвардия әскери қызметшілері, қаланың қоғам қайраткерлері мен облыс орталығындағы ірі ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жауынгер мүрдесін тасымалдау және басқа да қаржылық шығындарды «Қазцинк» ЖШС өз мойнына алды.  Майдан шебінде қаза тапқан Қызыл Армия жауынгерінің немересі  қазіргі таңда «Қазцинк» ЖШС-де  жұмыс атқарады. Филип Иванович Антропов Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласынан 1942 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы Орел облысы, Кромск ауданында қайтыс болады.  Ресей іздестіру отряды тапқан  «Гвардия» және «Батальон» медальондары мен  жауынгер жайлы жазбалар соның дәлелі.

Ресми рәсім аяқталғаннан кейін Филип Иванович Антроповтың мүрдесі Новая Согра ауылындағы зиратқа қайта қойылды.


Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ «Ашық есіктер» күндері

2018 жылғы 16 қазаннан бастап 19 дейін Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ «Ашық есіктер» күндері өткізілді.

Аталған шара факультеттерге және басқа да ЖОО арнайы күндер бөлініп өткізілген.

Экскурсия кезінде әскери кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы және әскери кафедрада оқитын студенттер бірінші курс студенттеріне әскери техниканы, қару-жарақты, сыныптарды, бокстарды және басқа да кафедраның материалдық-техникалық қамтамасыздандырылуын көрсетті және оларға оқұ шарттарын жеткізіп олармен атқыш қарумен көрсетпелі сабақ өткізді.

Одан басқа «Ашық есіктер» күніне ШҚМУ және ҚАЕУ студенттері де белсенді қатысты және әскери кафедрада оқұға зор қызушылық тантты.


1 қыркүйек күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің бас ғимаратының алдында университеттің әскери кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері, «Білім күні» мен жаңа оқу жылының басталуына арналған, алпысыншы мерей тойлық салтанатты шараға қатысты.

Мереке барысында ректордың міндетін атқарушысы С. Рахметуллина құттықтау сөзін айтып жеткізді, сондай-ақ университеттің үздік студенттеріне Президенттік стипендияларын табыстырды.

Мерекелік шара университеттің шығармашылық ұжымдарының студенттерімен ұйымдастырылған концертпен және бірінші курс студенттермен кездесуімен аяқталды


Әскери-патриоттық тәрбие әскери кафедрада оқитын студенттердің жоғары моральдық, кәсіби-әскери және психологиялық қасиеттерін, ұйымшылдық, тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыруға негізделеді, бұл қасиеттер олардың Конституциялық міндеті болып табылатын Отанды қорғау ісін жүзеге асыруға көмектеседі. Әскери кафедрадағы әскери-патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері:

  • Отанды қорғау идеясын, Қазақстан Республикасының Конституциясының талаптарын, Президенттің әскери қызмет пен әскери құрылыс жөніндегі мәселелерін айқындау;
  • студенттердің және ішкі бөлім бойында жоғары саналылықтың, қырағылықтың, Отанға деген адалдықтың, қажетті моральды-әскери қасиеттердің қалыптасуы;
  • халықтың өткен тарихындағы ерлік істер мен Қарулы күштердің атақты әскери ғұрыптары мен міндеттерін, олардың қазіргі таңдағы сипатын насихаттау;
  • үлкендердің, бастықтардың бұйрықтарын бұлжытпай, нақты орындау дағдыларын енгізу, Отан және халық алдындағы борыштық сезімді тәрбиелеу, елдің қорғаныс күшін нығайту және тұрақты халықтық қорғанысты ұйымдастыру дағдыларын енгізу; 
  • еліміздегі халықтар арасындағы достық сезімді тәрбиелеу және Қазақстан Республикасын қорғауға дайын болу дағдысын енгізу.


Университет және қала мен облыс басшылығы ұйымдастыратын әскери-патриоттық және тәрбиелік шараларды ұйымдастырушы және ең белсенді араласатын - әскери кафедра. Оларға мынадай шаралар жатады:

  • «Естелік» марафоны;
  • Отанды қорғаушы күні;
  • Ұлы Отан соғысы жеңісіне арналған мереке;
  • соғыс және еңбек ардагерлерін қарсы алу және қошеметтеу;
  • әскери-патриоттық әндер сайысы;
  • курсанттар арасындағы спартакиада;
  • университеттің спорттық шаралары;
  • университет өткізетін түрлі мейрамдар мен фестивальдар.


Спорттық жарыстарда әскери кафедра жүлделі орындар алады. Әскери кафедра Афганистанның ардагерлер Кеңесімен, әскери бөлімшелермен, Өскемен қаласының мектептері мен оқу орындарымен  жақсы әрі тығыз байланыста. Әскери кафедраның офицерлері жастарды оқытып, тәрбиелегендері үшін, бірнеше мәрте университет және Қорғаныс Министрі атынан мараппатталған.

Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің спорт алаңында 2018 жылдың 21 сәуірінде жоғары оқу орнының 60 жылдығына орай әскери кафедра мен дене шынықтыру және спорт кафедраларының  профессорлық-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен студенттер арасында әскери-спорттық эстафета өткізілді.

Бұл шараға аталған оқу орнынан алты команда және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан-Американдық еркін университеттерінің командалары қатысты. Әскери эстафета өту барысында студенттер нормативті орындауды және өзідерінің шеберлігін жоғарғы деңгейде көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша төрешілер алқасының шешімімен: бірінші және екінші орындарды - Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ командалары иеленді ал жүлделі үшінші орынды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ командасы жеңіп алды. Жеңімпаздар кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен мақтау қағаздарымен және әр түрлі кубоктармен марапатталды.