Профессорлық-оқытушылық құрамның кәсіби дайындығы мен оны жоғарлату

Оқытушылар құрамын біліктілікті арттыру курстарына жіберу ҚР ҚМ Білім департаменті бастығының жоспары негізінде жүргізіледі. Біліктілікті арттыру курстарына бірінші кезекте жоғары тұрған лауазымдарға аттестатталған офицерлер, сондай-ақ оқытушылық жұмыс тәжірибесі жоқ офицерлер жіберіледі. Соңғы 3 жылда офицер – оқытушылардың көпшілігі М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЗ Университеті жанындағы Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясында және "Әскери ғылымдар академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігі жанындағы Қауіпсіздік және арнайы білім беру бағдарламалары институтында біліктілікті арттыру курстарында қайта даярлаудан өтті.

2020 жылы - 7, 2021 жылы - 7 және 2022 жылы - 5 офицер-оқытушы 56 сағат көлемінде "Әскери жоғары мектепте педагогикалық жұмысты ұйымдастыру" біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстық бағдарламасын сәтті аяқтады.


2018 жылғы қазан айының соңында әскери кафедраның профессорлық-оқытушы кұрамы жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері жөніндегі оқыту семинарына қатысты. 

Шараның ұйымдастырылуы және өткізілуі «ШҚМТУ жаңа білім технологиялары және қайта даярлау Институты», ал семинардың тренері Алматы қаласындағы ЖШС «ИСО енгізу Агенттігінің» басшысы Анатолий Бандуро болды. 

Семинар барысында А. Бандуро 18 сағат көлемінде, қатысушыларға  ISO 37001:2016 «Жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері» стандарттың негізгі баптарын, ережелерін, талаптарын және ерекшеліктерін жеткізді.

Семинар аяқталған соң әскери кафедраның бастығы О. Манцуровқа, цикл бастығы (қ) полковник Э. Глубрановқа, цикл бастығының МА майор О. Баукенге,  аға оқытушы (қ) подполковник Б. Эшонкуловқа оқылған стандарт бойынша негізгі білімдерін алғаны үшін сертификаттар берілді.