Таңдау бойынша бейіндік пәндер – математика және физика.
«6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ KAZSEE және ENAEE аккредиттелген.
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау - Қазақстанның минералдық-шикізат базасын дамыту және нығайту мақсатында жер қойнауын геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбалардың барлық түрлерін іздеуге және барлауға бағытталған ғылым саласы.
БББ мақсаты
Осы саланы дамытудың заңдары мен проблемаларын түсінуге, дербес ғылыми және дүниетанымдық шешімдерге қабілетті тұлғаны тәрбиелеуге, геология және геологиялық барлау саласында озық білім мен ақпаратты алуға және таратуға, оқу процесін, іргелі ғылыми зерттеулерді интеграциялау негізінде қоғамның зияткерлік элитасын озық даярлауға негізделген геологиялық ойлау мен білім берудің және пайдалы қазбалар геологиясы саласындағы инновациялық тәсілдердің жүйесін қалыптастыру.
ББ мақсаты геологиялық барлау кәсіпорындарының даму үрдістеріне, қоғамның, экономиканың және өңірдің және елдің Еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Бұл білім беру бағдарламасы өзекті және әлеуетті жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие.
«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ үш деңгейлі дайындықты (бакалавриат, магистратура, докторантура) жүзеге асырады және Университеттің жетекші бөлімшелерінің бірі болып табылады.
ҚР бойынша «6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» БББ бакалавриатының білім беру бағдарламаларының "Атамекен" ҰКП рейтингінде бұл мамандық алдыңғы орын алады: 2020 ж., 2021 ж. 1 орын, 2022 ж. 3 орын, 2023 ж. 1 орын.
Университетте ББ бакалаврларының ғылыми зерттеулерін орындауға сәйкес келетін заманауи жоғары технологиялық зертханалық база бар. ҚР БЖҒМ мен Геология комитетінің қаржыландырылатын гранттары есебінен Геология және тау-кен саласындағы Құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығына жабдық сатылып алынады.
Қазақстанда ақпараттық технологияларды меңгерген жас кадрларларға аса қажеттілік байқалады, БББ Micromine, Leafprog, AutoCad, CorelDRAW, Mapinfo Professional 10,0, Компас, QGIS және т.б. заманауи компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасауды оқытады.
Дайындыққа ғылыми дәрежелері мен атақтары бар жоғары білікті оқытушылар, сондай-ақ біздің түлектерімізге кәсіби қызметте бәсекеге қабілетті маман болуға мүмкіндік беретін тәжірибелі өндірісшілер белсенді қатысады. Сондай-ақ әр уақытта Жапония, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Украина және Польша ғалымдары студенттерге сабақ, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізеді.
Біздің студенттер студенттік ғылыми жұмыстар конкурстарына, жас ғалымдар мен студенттердің республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларына, пәндік олимпиадаларға қатысады.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша семестр бойы алыс шетелдің жоғары оқу орындарында (Польша, Германия, Жапония және т. б.) оқуға, сондай-ақ шетелдік тағылымдамаларға баруға, Erasmus+, DAAD және т. б. халықаралық білім беру бағдарламасы шеңберінде жазғы мектептерге қатысуға мүмкіндік алады. Білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылынан бастап екі серіктес ЖОО (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ) білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы іске асырылуда. ББ профессор-оқытушылар құрамының пікірінше, академиялық ұтқырлық-қазақстандық жоғары оқу орындарын халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау процесінің маңызды бағыттарының бірі.
Студенттер оқу тәжірибесін «GeoHubEKTU» оқу полигонында университет базасындағы «ПРОСТОР» жазғы экспедициялық лагерінде және өндірістік тәжірибені ғылыми – зерттеу институттарында, Қазақстанның түрлі қалаларындағы сервистік компанияларда («KAZMinerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Топаз ТКК» ЖШС, «Алел» ФИК АҚ, «RGGold» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және басқалары) өтеді кейіннен жұмысқа орналасады.
![]() Студенттердің геологиялық тәжірибесі. |
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ дипломы бар геологтар қазіргі уақытта өңірдің геологиялық ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларымен бірге жақын және алыс шетелдерде еңбек етеді. 6В07204 "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" ББ түлектерін жұмысқа орналастыру пайызы орта есеппен 95% құрайды.
«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасы өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарында есептеу-жобалау, өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру жұмыстарын орындауға қабілетті Қазақстан Республикасының геологиялық, геологиялық-түсіру, тау-кен өндіру кәсіпорындары үшін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды дайындайды.
1 маусымда «KazUZNomad» халықаралық жазғы мектебінің ресми ашылуы өтті
1 маусымда геология, тау-кен ісі және сабақтас бағыттар бойынша болашақ мамандарды кәсіби даярлауға, тәжірибеге бағдарланған оқытуды және академиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «KazUZNomad» Summer School халықаралық жазғы мектебінің ресми ашылуы өтті.
«KazUZNomad» жазғы мектебі Орталық Азия университеттері арасында алғаш рет осындай форматта ұйымдастырылып, Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп отыр. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Жобаға келесі университеттер қатысады:
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті;
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті;
- Өзбекстан Республикасының Геология ғылымдары университеті;
- Өзбекстан Республикасының Науаи мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті тарапынан жобаның негізгі индустриялық серіктесі — «Қазцинк» ЖШС. Компанияның қолдауы студенттердің практикалық құзыреттерін дамыту және білім берудің нақты өндіріс секторымен байланысын күшейту үшін маңызды рөл атқарады.
Жазғы мектептің негізгі мақсаты — Қазақстан мен Өзбекстанның студенттері мен оқытушылары арасында білім, тәжірибе және озық білім беру әдістерімен алмасуға арналған алаң қалыптастыру. Бағдарлама қатысушылары тау-кен өндіру саласына мамандар даярлаудың заманауи тәсілдерімен танысып, кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және оқу-таныстыру іс-шаралары аясында практикалық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады.
Бағдарламада студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті қолданбалы құзыреттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы мектепке қатысу студенттерге теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, серіктес университеттердегі білім беру үдерісін, ғылыми зерттеулер мен өндірістік даярлықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастырушылар «KazUZNomad» Summer School жобасын жүзеге асыру тау-кен өндіру саласына жоғары білікті мамандар даярлауға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, Орталық Азия университеттері арасындағы серіктестік байланыстарды дамытуға, сондай-ақ болашақ мамандардың өңірлік және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімді.
Жазғы мектептің ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жоғары білім, ғылым және экономиканың стратегиялық маңызды салалары үшін кадрлар даярлау бағытындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы болмақ.
«Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасы еліміздің болашақ геологтарын Өскеменде біріктірді
2026 жылғы 22–28 маусым аралығында Өскемен қаласындағы «Простор» жазғы экспедициялық кампусының аумағында «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасы өтті.
Универсиадаға Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындары мен колледждерінен 100-ден астам адам қатысты. Бұл жастардың отандық геология мен минералдық-шикізат кешенін дамытуға деген жоғары қызығушылығын көрсетті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University) ұйымдастырды.
«Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасының бас серіктестері мен демеушілері ретінде «Sarybulak Operating» ЖШС, «Verum Mining» ЖШС, «Green Solutions Associates» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС, «REINVEST» ЖШС, «Maralikha Gold» тау-кен компаниясы» ЖШС және «Kazdrill Service» ЖШС қолдау көрсетті. Тау-кен және геология саласындағы жетекші кәсіпорындардың қолдауы Универсиаданың жоғары білікті кадрлар даярлау мен Қазақстандағы геология ғылымын дамытудағы маңызын айқындай түсті.
Универсиада 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 22 «III Қазақстандық геологиялық универсиаданы өткізу туралы» бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шара еліміздің университеттері мен колледждері арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, болашақ геологтардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, геология ғылымдарын дәріптеуге және тау-кен-геология саласының кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталды.
2026 жылғы Универсиадаға Қазақстан Республикасының жетекші бейінді жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері қатысты:
- Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Алматы қ.);
- Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қ.);
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен қ.);
- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Ақтау қ.);
- Назарбаев Университеті (Астана қ.);
- Каспий университеті (Алматы қ.);
- Қазақстан-Британ техникалық университеті (Алматы қ.);
- Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті (Атырау қ.);
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ.);
- Семей геологиялық барлау колледжі (Семей қ.).
Геологиялық универсиада геология, геологиялық барлау, минералдық-шикізат кешені және жер қойнауын пайдалану салаларындағы біліммен, практикалық тәжірибемен және заманауи ғылыми әзірлемелермен алмасуға арналған бірегей алаңға айналды.
Іс-шара бағдарламасына мыналар кірді:
- геологиялық пәндер бойынша зияткерлік жарыстар;
- далалық геологиялық зерттеулер мен практикалық тапсырмалар;
- геологиялық экспедиция;
- командалық байқаулар мен кейс-чемпионаттар;
- ғылыми-білім беру пікірталастары;
- мемлекеттік органдар мен тау-кен өндіру саласындағы жетекші компаниялардың өкілдерімен кездесулер;
- шеберлік сабақтары мен сарапшылық дәрістер.
Универсиадаға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің өкілдері, геологиялық барлау және тау-кен өндіру кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, ғалымдар, академиктер, салалық сарапшылар, бейінді жоғары оқу орындарының оқытушылары және кәсіби қауымдастық өкілдері қатысты.
Универсиада аясында минералдық-шикізат кешенінің тұрақты дамуы, геологиялық барлау жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізу, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеудің заманауи әдістерін қолдану, сондай-ақ Қазақстанның геология саласы үшін жаңа буын жоғары білікті мамандар даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Сәтбаев» III Қазақстандық геологиялық универсиадасының өткізілуі еліміздің ғылыми-білім беру кеңістігіндегі маңызды оқиғаға айналып, университеттер, мемлекеттік құрылымдар мен өндірістік сектор арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.
Универсиада дарынды студенттерді анықтауға, жастардың геолог мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби дамуына қосымша мүмкіндіктер жасауға жол ашты.
Соңғы өзгерістер күні:02.11.2026





