(1 жыл)
Қабылдау емтихандары:
- Шет тілін білуге арналған тест
- Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест
- Бейіндік пәндер:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
- Тау-кен кәсіпорындарын салу
(Білім беру бағдарламасын ашу 2025–2026 оқу жылына жоспарланған)
Бағдарлама сипаттамасы:
7М07207 «Қолданбалы геомеханика» білім беру бағдарламасы бейіндік бағытта жүзеге асырылады және магистранттарды тау-кен өндірісі саласында кәсіби және өндірістік қызметке қажетті теориялық негіздер мен қолданбалы геомеханика аспектілерін терең меңгеруге бағытталған жан-жақты даярлықпен қамтамасыз етеді.
Бағдарлама магистранттардың тау жыныстарының кернеулі-деформацияланған күйін модельдеу, қазып алу және бекіту жүйелерінің параметрлерін оңтайландыру, сондай-ақ тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі тәуекелдерді талдау сияқты міндеттерді шешуге қажетті құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Магистранттардың ғылыми талдау жасау, сыни ойлау қабілеттерін, сондай-ақ заманауи бағдарламалық кешендерді пайдалана отырып, эксперименттік және есептеу зерттеулерін жүргізу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл түлектердің ғылыми ұйымдарда да, өндірісте де сұранысқа ие болып, геомеханика саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу қабілетін қамтамасыз етеді.
Түлектердің лауазымдары мен кәсіби бағыты:
Бағдарлама түлектері аналитикалық және басқарушылық қызметтерді орындауға бейімделеді:
- Жетекші инженер-геомеханик
- Кәсіпорынның бас геомеханигі
- Геомеханика бөлімінің бастығы
- Тау-кен қазбаларының орнықтылығына және геотехникалық талдауына жауапты маман
- Тау-кен инженері-геомеханик
- Тау қысымын басқару жөніндегі сарапшы
Халықаралық серіктес жоғары оқу орындары:
- Штутгарт техникалық университеті, Штутгарт қ., Германия
- Фрайберг тау-кен академиясы, Германия
- Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Н.А. Чинакал атындағы Тау-кен ісі институты, Новосибирск қ., Ресей Федерациясы
- Краков қаласындағы Станислав Сташиц атындағы тау-кен металлургия академиясы, Польша
- Прагадағы Чехия техникалық университеті, Чехия.
Өндірістік серіктестер:
- «Казцинк» ЖШС
- «Полиметалл» АҚ
- «Востокцветмет» ЖШС
- «Актогай Минералс» ЖШС
- ҚР ҰЗИ ТҮКМ ҰК филиалы – «ВНИИцветмет»
Оқыту тілдері:
- Қазақ тілі
- Орыс тілі
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Геомеханика саласында тау жыныстарының, топырақтың және инженерлік құрылымдардың механикалық күйін талдауға, модельдеуге және болжауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау
Материалдық-техникалық база:
Оқытуды қамтамасыз ету үшін «Казцинк» ЖШС және «ВНИИцветмет» филиалдарының зертханалық жабдықтары қолданылады.
Ақпараттық ресурстар мен бағдарламалық қамтамасыз ету:
- Autodesk AutoCAD
- Micromine Beyond
- MapInfo Professional
- Rocscience
Білім беру бағдарламасының жетекші лекторлары:
- Н.А. Чинакала атындағы Тау-кен ісі институтының (СБ РҒА, Новосибирск қ., Ресей) жетекші оқытушылары
- Фрайберг тау-кен академиясының (Фрайберг қ., Германия) жетекші оқытушылары
- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жер туралы ғылымдар мектебінің жетекші оқытушылары
- Тау-кен өндірісінде практикалық тәжірибесі бар жетекші мамандар
Зертханалық жабдықтар: Білім алушыларды даярлау үшін «Қазмырыш» ЖШС филиалдарының және ҚР ҰҒО «ВНИИцветмет» филиалының зертханалық жабдықтары пайдаланылады.
2026 жылы «Тау жыныстары ж әне процестер інің физикасы» зертханасы құрылды. Зертхана «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың сапалы практикалық және ғылыми-зерттеу даярлығын қамтамасыз етуге арналған.
Зертхана тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін зерделеуге, эксперименттік зерттеулер жүргізуге, олардың беріктік және деформациялық сипаттамаларын анықтауға, сондай-ақ магистранттардың геомеханика және тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.

Тау жыныстарының үлгілерін дайындауға арналған жабдықтар: а – RCD-250 керн алу станогы; б – RLS-100 зертханалық кесу станогы; в – RSG-500 ажарлау станогы.
20.11.2026
