Геология және тау-кен ісі саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы

Геология және тау-кен ісі саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы университеттің, ғылыми ұйымдардың және тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарының әлеуетін біріктіретін мамандандырылған ғылыми-білім беру және инновациялық алаң болып табылады. Орталықтың қызметі жер қойнауын геологиялық зерттеудің, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мен игерудің заманауи технологияларын әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ салада сұранысқа ие білікті мамандар даярлауға бағытталған.
Орталық ғылыми зерттеулер мен зертханалық-далалық сынақтарды жүргізуден бастап, әзірленген шешімдерді апробациялау, өндіріске енгізу және коммерцияландыруға дейінгі жобалардың барлық кезеңдерінде кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Орталықтың миссиясы

Ғылымды, білім беруді және өндірісті ықпалдастыру, озық технологиялар трансфері, кадрлық құзыреттерді дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу арқылы геология және тау-кен өндіру салаларының технологиялық дамуына ықпал ету.

Қызметінің мақсаты

Геология, геофизика, тау-кен ісі, минералогия, геохимия және минералдық-шикізат ресурстарын ұтымды пайдалану салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге, білікті кадрлар даярлауға, инновациялық технологияларды әзірлеуге, апробациялауға және енгізуге арналған заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру.

Соңғы өзгерістер күні:
18.11.2026