Зертхана 1990 жылы Өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін зерттеумен байланысты түсті металлургия өндірістік кәсіпорындарының тапсырыстары бойынша практикалық міндеттерді шешу үшін құрылған. Қазіргі уақытта зертханада қолданыстағы құрылыс ғимараттарын қайта жаңартуды жобалау саласында студенттер мен магистранттардың кәсіби құзыреттері пысықталуда.
Зертхананың мақсаты - қолданыстағы құрылыс ғимараттарының техникалық жағдайын бағалау, олардың сейсмикалық қауіпсіздігін бағалау, қайта құру және сейсмикалық күшейту жобаларын әзірлеу дағдыларын меңгерген бакалаврлар мен магистрлерді дайындау.
Зертхананың міндеттері - әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйін және жөндеуге жарамдылығын тексеру, бағалау; жинақталған ақаулар мен зақымдануларды ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын өзгерген жүктемелерге тексеру есептері; ғимараттар мен құрылыстардың, негіздер мен Іргетастардың темір-бетон, тас, металл және ағаш конструкцияларын күшейту жөнінде ұсынымдар әзірлеу; әзірленген ұсынымдарды іске асыруды ғылыми-техникалық сүйемелдеу; ғимараттар мен құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін бағалау; сейсмикалық қауіпсіздікті бағалау, сейсмикалық күшейту, ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, бір мезгілде сейсмикалық күшейте отырып және сейсмикалық қауіпсіздігін арттыра отырып, мансардтық және қосымша қабаттарды салу жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Зертханада ғимараттар мен құрылыстарды тексеруге арналған заманауи жабдықтар бар.