Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурс нәтижелері

2026

2026 жылғы 2 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде 2026–2027 оқу жылына арналған «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы шеңберінде студенттерді шетелге жіберу үшін үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыс комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында келесі қатысушылар қатысты:

  • Леонова Ольга Владимировна – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының халықаралық ресурстар орталығының жетекшісі;
  • Чжан Елена Евгеньевна – Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты;
  • Алембаев Кайрат Оралқанович – PhD докторы, доцент, «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының меңгерушісі.

ШҚТУ тарапынан комиссия мүшелері:

Комиссия төрағасы болып, Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы – Басқарма төрағасы – Ректор.

Комиссия мүшелері:

  • Машекенова Асия Хасеновна – Басқарма мүшесі – Академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
  • Сарсембаева Арайлы Алибековна – Басқарма мүшесі –Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
  • Хасенова Зарина Толеубековна – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі деканы;
  • Ақаев Айбек Мұратбекұлы – Сәулет құрылыс және энергетика мектебі деканы;
  • Рахметуллина Женисгуль Толеухановна – Халықаралық инженерия мектебі деканы;
  • Рахымбердина Маржан Есенбековна – Жер туралы ғылымдар мектебі деканы;
  • Жанабаева Аида Советовна – Бизнес мектебі деканының міндетін атқарушы;
  • Нурекенова Эльвира Собетоллаевна – Академиялық қызмет департаментінің
    Директоры;
  • Жайжатырова Меруерт Сабыровна - Әлеуметтік, жастар саясаты және инклюзивті даму департаментінің директоры;
  • Каматаев Айдос Ержанұлы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
  • Нұрғазы Айсәуле Нұрғазықызы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының project-manager;

Студенттерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылды. Конкурсқа әртүрлі білім беру бағдарламаларынан 35 студент қатысты.

Іріктеу барысында даярлау бағыттарының басымдықтары, ағылшын тілін меңгеру деңгейі, академиялық үлгерімі, халықаралық және республикалық деңгейдегі жетістіктері, университет өміріне белсенді қатысуы, сондай-ақ 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 «Шетелде оқуға жіберу қағидаларын бекіту туралы, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде» бұйрығына сәйкес іріктеу критерийлері ескерілді.

Нәтижесінде негізгі тізімге 18 студент, ал резервтік тізімге 9 студент енгізілді.

2026–2027 оқу жылына арналған Академиялық Ұтқырлық аясында шетелде білім алуға мүмкін алған студенттердің негізгі тізімі

2025

2025 жылғы 22 сәуірде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 2025–2026 оқу жылына арналған «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында студенттерді шетелдік ЖОО жіберу үшін кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Кездесу барысында тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамында болған қатысушылар: Плотникова Светлана Николаевна – «Kazzinc» ЖШС Еңбек ресурстары басқармасы басшысының орынбасары, Золотавина Нурия Мухамедсадыковна – «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Адылхан Асет Бердыгалиулы – «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы.

ШҚТУ тарапынан комиссия мүшелері:

  • Машекенова Асия Хасеновна – Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
  • Сарсембаева Арайлы Алибековна – Басқарма мүшесі – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор;
  • Хасенова Зарина Толеубековна – Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі деканы;
  • Закимова Альфия Манарбековна – Бизнес мектебі деканы;
  • Рахымбердина Маржан Есенбековна – Жер туралы ғылымдар мектебі деканы;
  • Ақаев Айбек Мұратбекұлы – Сәулет құрылыс және энергетика мектебі деканы;
  • Табиева Еркежан Еркінбекқызы – Академиялық қызмет департаменті басшысы;
  • Жайжатырова Меруерт Сабыровна – Тіркеуші офис басшысы;
  • Жаксылыкова Бейбитгуль Сейткасымовна – Әлеуметтік және жастар саясаты департаменті басшысы;
  • Каматаев Айдос Ержанұлы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасы басшысының міндетін атқарушы;
  • Советхан Инабат Серікқызы – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы.

Студенттер іріктеуден конкурстық негізде өтті. Конкурсқа түрлі білім беру бағдарламаларынан 24 студент қатысты.

Білім беру бағыттары бойынша ағылшын тілі деңгейі, оқу үлгерімі, халықаралық және республикалық деңгейдегі марапаттардың болуы, университет өміріне белсенді араласуы, сондай-ақ 2008 жылғы 19 қарашадағы №613 бұйрығына сәйкес шетелде оқуға, соның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу ережелеріне сай іріктеу критерийлері ескерілді.

Нәтижесінде 17 студент негізгі тізімге, ал 7 студент резервтік тізімге енгізілді.

Төменде тізіммен танысуға болады.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен ашық көкжиек тілейміз!

  Негізгі тізім