Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау

«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

2026

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриат, магистратура және докторантураға құжаттарды қабылдау «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде білім берудің барлық деңгейлері бойынша барлығы 4742 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламасы арқылы — 1438;
  • ҚР жоғары білімнің бірыңғай платформасы epvo.kz арқылы — 203;
  • Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы орган қаражатынан білім беру грантының конкурсына өтінішті college.snation.kz сайты арқылы — 446;
  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Абитуриент» ақпараттық жүйесі арқылы — 2655.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауды көздейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтары бойынша қабылдау жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасында күнтізбелік жылдың – 20 маусымнан 25 тамызына дейін;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру: магистратура бойынша жоғары білім негізінде күнтізбелік жылдың 15-нен 28 тамызына дейін; 
  • докторантура бойынша  магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты негізінде күнтізбелік жылдың 15-нен 28 тамызына дейін жүзеге асырылды.

2026 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриатына - 2233, магистратураға – 286, докторантураға – 64 адамға оқуға  құжат қабылдау қызметін көрсетті.

Білім деңгейі 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж. 2026 ж.
Бакалавриат 1451 1408 1590 1614 1829 2233
Магистратура 260 137 112 198 267 286
Докторантура 21 17 13 41 57 64
Барлығы 1732 1562 1715 1853 2153 2583
Оның ішінде ШҚО 1212 1093 1200 1297 1507 1729

2025

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриат, магистратура және докторантураға құжаттарды қабылдау «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығына (өзгерістер мен толықтырулармен) сәйкес жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде білім берудің барлық деңгейлері бойынша барлығы 4302 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының бағдарламасы арқылы — 1316;
  • ҚР жоғары білімнің бірыңғай платформасы epvo.kz арқылы — 470;
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің vko-abiturient.kz платформасы арқылы — 238;
  • Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Абитуриент» ақпараттық жүйесі арқылы — 2278.

Жоғары оқу орнында (бакалавр) мамандар даярлауды көздейтін жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша өтініштерді қабылдау

  • жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасында күнтізбелік жылдың – 20 маусымнан 25 тамызына дейін;
  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру:  магистратура бойынша жоғары білім негізінде күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін; 
  • докторантура бойынша  магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты негізінде күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін жүзеге асырылды.

2025 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті КЕАҚ бакалавриатына - 1829, магистратураға – 267, докторантураға – 57 адамға оқуға  құжат қабылдау қызметін көрсетті.

Білім деңгейі 2021 ж. 2022 ж. 2023 ж. 2024 ж. 2025 ж.
Бакалавриат 1451 1408 1590 1614 1829
Магистратура 260 137 112 198 267
Докторантура 21 17 13 41 57
Барлығы 1732 1562 1715 1853 2153
Оның ішінде ШҚО 1212 1093 1200 1297 1507