|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері қандай?
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қашан?
Құжаттарды қабылдау бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, ал оқуға қабылдау бакалавриат бойынша күнтізбелік жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында, магистратура және докторантура бойынша күнтізбелік жылғы 15-28 тамыз аралығында, 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қандай болады?
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі құжаттарды қабылдау туралы қолхат беру және ЖЖОКБҰ-ға қабылдау туралы бұйрық болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үшін қағаз жеткізгіште жүгінген кезде нәтиже қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы ма?
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Қабылдау комиссиясына қалай хабарласуға болады?
Қабылдау комиссиясына жұмыс күндері 8 (7232) 510 885, 8 707 285 5012 телефон номерлері арқылы хабарласуға болады. Талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің қандай тізімі бар?
Қандай жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады?
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден келесі негіздемелер бойынша бас тартады:
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар бар ма?
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері, Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.sci.gov.kz және бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414. Бірыңғай байланыс орталығы "1414", 8-800-080-7777. |
12.12.2025