Times Higher Education Interdisciplinary Science Rankings 2025

2024 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ алғаш рет Times Higher Education мен Schmidt Science Fellows бірлесіп өткізетін Times Higher Education Interdisciplinary Science Rankings 2025 междисциплинарлық рейтингінде қатысып, Қазақстан бойынша 1-орынға ие болып, әлемдік рейтингте 601+ қатарында орналасты.

Рейтингке Қазақстаннан 9 университет кірді, оның тек 3-і ғана әлемнің үздік     601+ университеті қатарына енген. Қалған қазақстандық жоғары оқу орындары рейтингте «репортер» мәртебесімен көрсетілген.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: https://www.timeshighereducation.com/interdisciplinary-science-rankings#!/length/25/locations/KAZ/sort_by/rank/sort_order/asc.

SCIMAGO INSTITUTIONS RANKINGS-2024

Ғылыми мекемелердің жаһандық рейтингінде (SIR - SCIMAGO INSTITUTIONS RANKINGS) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан университеттері арасында 15-ші орынды және әлемдік рейтингте 8715-ші орынды иеленді.

Толық ақпаратты ресми сайтта ұсынылған: https://www.scimagoir.com/rankings.php?country=KAZ&year=2018.

Round University Ranking 2024

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әлемнің 1200-ден астам жетекші жоғары оқу орындары арасында 1090-шы орынды және Round University ranking рейтингінде Қазақстанның 7 жоғары оқу орны арасында 5-ші орынды иеленді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған:  https://roundranking.com/ranking/world-university-rankings.html#world-2024.

UI Green Metric Ranking of World Universities - 2024

Жаһандық рейтинг нәтижелері бойынша "Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ" КЕАҚ әлемнің 1477 жоғары оқу орны арасында 97-ші орынды иеленді (ҚР 28 жоғары оқу орны арасында 1-ші орын).

Толық ақпарат сайтта берілген: https://greenmetric.ui.ac.id/rankings/overall-rankings-2024

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының рейтингі

"Атамекен" ҰКП өткізген ҚР жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды. Рейтингте ШҚТУ-нің 29 білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды. Еліміздегі үздік 3-ке 12 (41,4%) білім беру бағдарламасы, Үздік 5-ке 16 (55,2%) бағдарлама кірді.

1 орын
  • Металлургия,
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау,
  • Су ресурстары және суды пайдалану.
2 орын
  • Жер кадастры және жерге орналастыру,
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамаcсыз ету,
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу,
  • Жылу энергетикасы,
  • Пайдалы қазбаларды байыту.
3 орын
  • Техникалық физика,
  • Тау-кен ісі,
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы,
  • Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпсіздігін инновациялық басқару.
4 орын
  • Медициналық инжиниринг (Медициналық техника),
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі.
5 орын
  • Сәулет,
  • Геодезия және картография.
6-дан 10 орынға дейін - 6 БББ
  • Мемлекеттік қаржылық менеджмент,
  • Ғылымды қажетсінетін кәсіпорынның қаржыларын басқару,
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар,
  • Электр энергетикасы,
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар,
  • Құрылыс.

Үздік 10 орынға 22 БББ кірді, бұл 88%.

Толық ақпарат сайтта берілген: https://atameken.kz/ru/university_ratings.

QS World University Rankings: Asia 2025

984 азиялық университеттерді қосатын QS Asia University Rankings 2025 бүкіл Азия бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ #288, Орталық Азия бойынша #17, 35 қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында #13 позициясын айқындайды.

Толық ақпарат сайтта берілген: https://www.topuniversities.com/universities/d-serikbayev-east-kazakhstan-technical-university

«QS Sustainability Rankings - 2025» рейтингі

QS Quacquarelli Symonds жаһандық талдау агенттігінің бағалауы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әлемдік рейтингтегі 1743 ЖОО арасында ТОП 1351-1400 және Қазақстанның 17 ЖОО арасында ТОП 10 қатарына кіреді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: https://www.topuniversities.com/sustainability-rankings?region=Asia&countries=kz

«Webometrics Ranking of World Universities» рейтингі

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әлемнің 32000-нан астам жоғары оқу орны арасында 3888-ші орын алады (Қазақстанның 124 жоғары оқу орны арасында 4-ші орында).

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған:https://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan

Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі – 2024

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің (IQAA) бағалауы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жетекші техникалық жоғары оқу орындарының рейтингінде Қазақстанның 17 техникалық жоғары оқу орындарының арасында 1 орынды және 3 орынды иеленді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған https://iqaa-ranking.kz/item/15535.

The Times Higher Education Impact Rankings - 2024

Тұрақты даму бойынша THE Impact Rankings - 2024 жаһандық рейтингін бағалау бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ТОП 1001-1500-ге кірді және әлемдік рейтингте 1963 ЖОО арасында 1100-орынға ие болды, ал Қазақстанның 26 ЖОО арасында диапазон бойынша 3-орынға ие болды.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: https://www.timeshighereducation.com/impactrankings#!/length/25/locations/KAZ/sort_by/rank/sort_order/asc.

QS World University Rankings 2025

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ұлыбританияның QS Quacquarelli Symonds Limited агенттігінің QS World University Rankings әлемдік рейтингінде Қазақстанның 21 жоғары оқу орны арасында 10-шы орынды және #951-1000-шы орынды иеленді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: https://www.topuniversities.com/world-university-rankings?region=Asia&countries=kz.

«UniRank-2024» рейтингі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ UniRank (4 International Colleges & Universities) агенттігінің бағалауы бойынша Қазақстанның 102 ЖОО арасында 1 позицияны (4 позицияға жақсарды) және әлемдік рейтингте 2063  (1697 позицияға жақсарды) позицияны иеленеді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған: https://www.4icu.org/kz/.

Scimago Institutions Rankings-2024

Ғылыми мекемелердің жаһандық рейтингінде (SIR - Scimago Institutions Rankings) Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан университеттері арасында 15-ші орынды және әлемдік рейтингте 8715-ші орынды иеленді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ SIR - SCIMAGO INSTITUTIONS RANKINGS жаһандық рейтингінің пәндік салаларының рейтингіне Физика және астрономия, Инженерия (Машина жасау), жер және планеталар туралы ғылымдар, Математика пәндері бойынша кіреді.

Толық ақпаратты https://www.scimagoir.com/rankings.php?country=KAZ ресми сайтында алуға болады.

«Webometrics Ranking of World Universities» рейтингі

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әлемнің 32000-нан астам жоғары оқу орны арасында 4489-ші орын алады (Қазақстанның 127 жоғары оқу орны арасында 6-шы орында).

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған:

https://www.webometrics.info/en/Asia/Kazakstan

QS Stars рейтингі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ халықаралық аудит нәтижелері бойынша "4 жұлдыз" артықшылық белгісімен марапатталды.

Аудит нәтижелерінің қолданылу мерзімі: 08.11.2022-08.11.2025.

Айта кетейік, ҚР 132 жоғары оқу орнының 5-і ғана QS Stars артықшылық белгісімен белгіленген.

2016 жылы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ "3 жұлдыз" белгісімен марапатталды.

Нәтиженің жақсаруы ШҚТУ-ның жоғары халықаралық мәртебесін, университет қызметінің барлық салаларының сапасын арттыру қағидаттарына берілгендігін, қоғам мен экономикаға ықпал етуге ұмтылысын растайды.

Толық ақпарат сайтта берілген:

https://www.topuniversities.com/qs-stars

 

Жаһандық жиынтық рейтинг – 2024 ж

Ares2024 жылғы жаһандық жиынтық рейтинг нәтижелері бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті әлемдегі ең үздік университеттердің ТОР 10%, яғни әлемдегі 25000 университеттің 2500-университетіне кірді.

Жаһандық жиынтық рейтинг-QS және THE сияқты әлемдік рейтингтерді қамтитын 12 ең беделді жаһандық институционалдық рейтингтердің көрсеткіштері бойынша, сондай-ақ DEQAR аккредиттелген бағдарламаларының еуропалық дерекқорының көрсеткіштері бойынша жоғары білім беру ұйымдарының жіктемесі болып табылады.

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған: https://best-edu.ru/ratings/global/globalnyj-agregirovannyj-rejting?name=&countries%5B%5D=123&year=2024&top=&

«UniRank-2024» рейтингі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ UniRank (4 International Colleges & Universities) агенттігінің бағалауы бойынша Қазақстанның 104 ЖОО арасында 6 позицияны (3 позицияға жақсартылған) және әлемдік рейтингте 3439 (1513 позицияға жақсартылған) позицияны иеленді.

Толық ақпарат ресми сайтта ұсынылған https://www.4icu.org/kz/.

Соңғы өзгерістер күні:
10.10.2025