2020 ж. рейтингісі

QS EECA

Дамушы елдер арасында және Орталық Азиядағы ең ірі 300 университетті анықтайтын, Британдық QS Quacquarelli Symonds Limited рейтинг агенттігінің сараптауы бойынша, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 190 орында көрсетеді.

UI Green Metric Ranking of World Universities

 2020 жылы алғаш рет «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ «UI Green Metric Ranking of World Universities» жаһандық рейтингісіне қатысып, 911 ЖОО арасында 152-орынды иеленіп, әлемдегі экологиялық тұрғыдан ең жақсы TOП -160-қа кірді (ҚР ЖОО арасында 1 орын). Барлық ақпарат сілтеме бойынша https://greenmetric.ui.ac.id/rankings/overall-rankings-2020

Рейтинг «Webometrics Ranking of World Universities»

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ әлемдік ЖОО арасында 6915 орынды иеленді (ал Қазақстанның 121 ЖОО арасында 14 орында).

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған http://www.webometrics.info/.

Рейтинг «UniRank»

UniRank Агенттігінің бағалауы бойынша (4 International Colleges & Universities) Д.Серікбаев ат. ШҚТУ Қазақстанның 108 ЖОО арасында 15 орынды және әлемдік рейтингте 4946 орынды иеленді.

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған http://www.4icu.org/.

Жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингісі - Academic Ranking-European Standard (ARES -2020)

ares ARES-тің жоғары оқу орындары рейтингісін құрудағы мақсаты – университет студенттерінің қажетті білім алуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарға белсенді қатысуын, болашақ жұмыс берушілермен белсенді араласуын қамтамасыз етуге қабілетілігін бағалау. Рейтингтің маңызды параметрлері - университеттің халықаралық қызметі және университеттің аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан рөлі болып табылады.

ARES – 2020 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ "А" санатына енді (Қазақстанның 95 университеттерінің арасында 13 орында), бұл бұл оқытудың, зерттеудің жоғары сапасын және жұмыс берушілердің түлектерге деген сұранысын растайды (High quality performance).

Толық ақпарат келесі сайтта ұсынылған http://eurochambres.org/ares/ares-2020-republic-of-kazakhstan.php?clear_cache=Y

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі

ҚР университеті қатысқан Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің бағалауы бойынша, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ техникалық университеттер арасында 4 орынды иеленді. Білім беру бағдарламаларының тобы арасында рейтингтің қорытындысы бойынша бакалавриаттың 6 білім беру бағдарламалар тобы, магистратураның 5 білім беру бағдарламалар тобы, докторантураның 4 білім беру бағдарламалар тобы үздіктер қатарына еніп, бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленді. Толық ақпаратты 2020 жылы 15 мамырда жарияланған «Казахстанская правда» газетінің №94 (29221) санынан таба аласыздар немесе АРТА(НААР)-ң жаңа сайтында мына сілтеме бойынша https://iaar.agency/rating/1/0/2020

Қазақстанның үздік жоо рейтингі – 2020

Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз агенттігінің бағалауы бойынша, үздік техникалық жоғары оқу орындары рейтингінде Д. Серикбаев атындағы ШҚМТУ 12 Қазақстандық техникалық ЖОО арасында 4 орын иеленді.

Толығырақ ақпаратпен https://iqaa-ranking.kz/item/12770 сайтынан таныса аласыздар.