Этикалық комитет

«Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ-да академиялық және қызметтік этика мәдениетін қалыптастыру және дамыту, университетте еңбек тәртібін нығайту және қамтамасыз ету мақсатында Этикалық комитет жұмыс істейді.

Этикалық комитеттің негізгі міндеттері:

  1. еңбек тәртібін, академиялық адалдық нормаларын, кәсіптік этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қамтамасыз ету;
  2. қызметкерлер мен студенттердің мінез-құлқына қатысты еңбек тәртібі мен этикалық талаптарға түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру;
  3. қызметкерлер мен студенттердің этикалық нормаларды бұзуының алдын алу;
  4. университеттің этикалық саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
  5. академиялық ортада сенім мен ашықтықты қалыптастыру.

«ШҚТУ» КЕАҚ -дағы Этикалық комитетінің құрамына мыналар кіреді:

  • тәртіптік комиссия;
  • студенттердің тәртіптік комиссиясы;
  • сапаны қамтамасыз ету комиссиялары.

Тәртіптік комиссия қызметкерлер тарапынан орын алған еңбек тәртібін, ҚР заңнамасын және университет ішкі ережелерін бұзушылықтарды қарастырады, оның ішінде:

  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары (құқық қорғау органдарымен бірлесіп);
  • корпоративтік этика кодексі мен корпоративтік басқару кодексінің нормаларын бұзу;
  • профессор-оқытушылар құрамының негізсіз кешігуі немесе сабаққа қатыспауы;
  • жауапкершілік шараларын қолдануды талап ететін тәртіп бұзушылықтар және т.б.

Студенттердің тәртіптік комиссиясы студенттер, магистранттар және докторанттардың академиялық адалдық принциптерін, университет ішкі тәртібін және этикалық нормаларды бұзушылықтарын қарастырады, оның ішінде:

  • көшіріп алу (плагиат), емтихандарда басқа біреудің жұмысын жазу және басқа да академиялық адалдыққа жатпайтын әрекеттер;
  • оқу корпустарында, жатақханаларда және университет шараларында тәртіп бұзушылық;
  • жауапкершілік шараларын қолдануды талап ететін құқық бұзушылықтар: ескерту жасап, оқудан шығару және т.б.

Сапаны қамтамасыз ету комиссиясы оқу процесінің сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша оқу-әдістемелік және оқу ұйымдық жұмыс мәселелері бойынша ішкі реттеу мен кеңес беру механизмін қалыптастыру мәселелерін қарастырады, оның ішінде:

  • «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ академиялық саясатын жаңарту;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жобалаумен және жетілдірумен айналысатын академиялық комитеттердің қызметін үйлестіру;
  • оқытудың және оқыту сапасын мониторингілеу, білім беру процесін жетілдіру мақсатында ұсыныстар әзірлеу және т.б.

Әр комиссия өз қызметін «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

 

Соңғы өзгерістер күні:
09.12.2025