Нұрманбетова Жамиля Нүсіпжанқызы
(22.02.1964, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің төрағасы
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 05.04.2024 жылғы шешімімен, № 147 бұйрықпен, қолданыстағы құрамға Жалғыз акционердің 01.04.2025 жылғы шешімімен, №158 бұйрықпен сайланды)
Кадрлар және сыйақылар, аудит, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі.
Философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі. ҚР еңбек сіңірген қайраткері.
Жалпы ақпарат, білім
- 2019 - 2023 жж – Докторантура
«Алматы Менеджмент Университеті» ББМ
8D04102 «Іскерлік Әкімшілік» білім беру бағдарламасы бойынша Докторантура
- 1996 – 1999 Докторантура
ҚР ҒжЖБМ философия және саясаттану институты, Алматы.
Докторлық диссертацияны сәтті қорғау;
- 1986 - 1989 Аспирантура
КСРО Ғылым академиясының Философия институты, Мәскеу.
Кандидаттық диссертацияны сәтті қорғау;
- 1981 - 1986 Жоғары білім
С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы.
«Философия» мамандығы бойынша үздік диплом.
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
- 2023 - DBA Іскерлік әкімшілік докторы;
- 2020 ж. - ҚР ҰҒА академигі. ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясында академияның толық мүшесі, ҚР ҰҒА академигі болып сайланды;
- 2013 ж.-ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. ҚР ҰҒА Жалпы жиналысының сессиясында ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды;
- 2004 ж. - ҚР ЖАК профессоры;
- 2002 ж - ҚР ЖАК доценті.
Мансап
- 2025 ж - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің штаттан тыс кеңесшісі (қазіргі уақытқа дейін).
- 2023 - 2025 жж - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі.
- 2021 - 2023 жж - VІІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, Мәжілісінің депутаты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
- 2016 – 2021 жж - VІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі;
- 2004 - 2016 жж - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры.
- 2003 - 2004 жж - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
- 2001-2002 жж - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі.
- 2000-2001 жж -Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының аға оқытушысы.
- 1989 - 2000 жж - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Философия және саясаттану институты.
Аға зертханашыдан (1989) аға ғылыми қызметкерге (1993) дейін еңбек жолын өтті.
- 1996-1999-институттың докторантурасында оқыды.
- 1999 ж. - институттың мамандандырылған кеңесінің отырысында 2000 жылы философия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесімен докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми еңбектері және ғылыми жобаларға қатысуы
- 100-ге жуық ғылыми еңбектері жарық көрді, оның ішінде: бес монография, бес оқулық, 70-тен астам ғылыми мақалалар.
- • 2012 - 2014 — «Болон декларациясының негізгі идеяларын іске асыру контекстінде кадрларды кәсіби даярлауды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» жобасының жетекшісі (бакалавриат, магистратура, докторантура гуманитарлық бейіні мамандықтарының мысалында).
- • 2011 - 2014 — TEMPUS «Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі құжаттама» жобасының үйлестірушісі.
- • 2009 - 2011 — “Қазақстандағы жастар және дәстүрлі емес конфессиялар» жобасының жетекшісі (ҚР БҒМ іргелі зерттеулер бағдарламасы шеңберінде).
Еңбегі мен марапаттары
- 2019 «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» медалі;
- 2014 ж. – «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы.
Отандық ғылымдағы еңбегі және қоғамдық белсенділігі үшін.
- 2013 ж - ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісі
- 2012 ж. – «Ажар» Қазақстан әйелдерінің жетістіктерін қоғамдық танудың Ұлттық сыйлығы
- 2009 ж. –ордені ҚР Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды
- 2008 ж. - білім және педагогика ғылымы саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР БҒМ «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі
- 2001 ж - ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі

Әділбеков Нұрмахан Әбілқасымұлы
(19.02.1973, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 14.06.2024 жылғы шешімімен сайланды, № 296 бұйрық, қолданыстағы құрам)
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік басқару және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Директорлар кеңесінің мүшесі
Жалпы ақпарат, білім
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, 1994 ж.
- Қазақ гуманитарлық-заң университеті, 2004 ж
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 1994 жылы Шымкент облысы, "Победа" мақта кеңшарында бастаған.
- 1995-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік басқару және жекешелендіру комитетінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
- 2014 жылдан 2020 жылға дейін - «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ түрлі лауазымдарында, Астана қ.
- 2020 жылдан 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік басқару және жекешелендіру комитетінің республикалық меншік объектілерін сату және жекешелендіруден кейінгі бақылау басқармасының басшысы.
- 2022 жылдан 2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Шымкент қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы.
- 2024 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік басқару және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар
- 2001 ж. – «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
- 2016 ж. – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
- 2020 ж. – «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды
- 2021ж. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» наградалық белгісімен.
- 2021ж. – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің құрылғанына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
- 2023 ж. - Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған.

Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы
(07.08.1970, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің № 41 бұйрығы, 06.02.2023 жылғы шешімімен сайланды, , қолданыстағы құрам)
Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
«Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы-ректоры
Жалпы мәліметтер, білімі
- 1991 жыл - Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университеті.
- 2004-2007 жылдары - 051306 «Технологиялық процестерді және өндірісті автоматтандыру және басқару» мамандығының аспиранты
- 2018-2021 жылдары - «Жоғары білім берудегі менеджмент» МВА, Томск политехникалық университеті
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
- Техника ғылымдарының кандидаты
- Қауымдастырылған профессор
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар
- «2014 жылдың Үздік мұғалімі» 2015 ж
- «Халық алғысы» медалі 2020 ж.
Еңбек өтілі:
- 1991-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, инженер-бағдарламашы, стажер-оқытушы, оқытушы.
- 1995-2004 жылдары - Шығыс гуманитарлық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, информатика және математика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі.
- 2004 жыл - Шығыс гуманитарлық институты, оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі.
- 2004-2007 жылдары - 051306 «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша аспирантура.
- 2007-2012 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ аға оқытушы, ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары.
- 2012-2015 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының меңгерушісі.
- 2015-2016 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ақпараттық жүйелер және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті.
- 2016 жыл - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ситуациялық-талдау орталығының басшысы.
- 2016-2017 жылдары - Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, даму стратегиясы және мониторинг департаментінің директоры.
- 2017-2019 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
- 2019-2020 жылдары - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірінші проректоры.
- 2020-2022 жылдары «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ бірінші проректорының м.а.
- 2022 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – даму стратегиясы бойынша проректор.
- 2022 жыл - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры.

Әбілов Арслан Зияшұлы
(08.09.1975, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 14.06.2024 жылғы шешімімен сайланды, № 296 бұйрық, қолданыстағы құрам)
Стратегиялық жоспарлау комитетінің төрағасы
Кадрлар және сыйақылар, аудит жөніндегі комитеттің мүшесі
"BILIM DAMU" ЖОО консорциумының жобалық кеңсесінің басшысы
Жалпы ақпарат, білім:
- 2002-2005 ж. - Қонаев атындағы Университет.
- 1993-1996 ж. - Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ колледжі.
Еңбек өтілі:
- 1996 – 2003 жж - заңгер, кәсіпорындардағы заң кеңесшісі, сот орындаушысы.
- 2003-2008 жж – «БИТ GOLD» ЖШС директоры.
- 2008-2010 жж – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ бастығының орынбасары, заң қызметінің бастығы.
- 2010 – 2012 жж - заңгер, заң кеңесшісі.
- 2012 – 2022 жж. - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заң қызметінің басшысы.
- 2022 – 2023 жж. – «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесі.
- 2014 – 2016 жж. - ЖОО консорциумының жобалық кеңсесінің басшысы.
- 2021 – «BILIM DAMU» ЖОО консорциумының жобалық кеңсесінің басшысы.
- 2024 г - «Astana IT University» ЖШС Заң департаментінің директоры.
Қосымша ақпарат:
- 2022-қазіргі уақытта-ұлттық ғылыми кеңестер жанындағы Апелляциялық комиссияның мүшесі.
- 2024 - қазіргі уақытта-корпоративтік басқаруды дамыту мәселелері бойынша ҚР ҰӘҚ жұмыс тобының мүшесі.

Быкова Марина Юрьевна
(23.02.1979, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 03.09.2025 жылғы шешімімен сайланды, № 445 бұйрық, қолданыстағы құрам)
Аудит комитетінің төрағасы
Кадрлар және сыйақылар комитетінің мүшесі
Жалпы ақпарат, білім:
- 2000 жыл- «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті., «Инженер-экономист».
- 2018 жыл – Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, Мәскеу қ., MBA «Қаржы».
- 2021 жыл – қаржы директорының Жоғары мектебі, MBA Intensive: басқару және қаржы.
Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар:
- 2017 жыл-III дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі берілді.
- 2021 жыл - ІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісі берілді.
- 2021 жылы – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталған.
Еңбек өтілі:
- 2001 жыл мыс-химия комбинаты, автокөлік цехының ЭЕМ операторы.
- 2001-2004 жж мыс-химия комбинаты, автокөлік цехының экономисті.
- 2004-2005 ж. ж. мыс-химия комбинатының еңбек, жалақы және кадрлар бөлімі бастығының орынбасары.
- 2005-2008 ж. ж. мыс-химия комбинаты бас экономистінің орынбасары.
- 2008-2011 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - «Востокцветмет» ӨБ филиалы мыс - химиялық комбинатының қаржы директоры.
- 2011-2014 жж. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС - «Востокцветмет» ӨБ филиалының қаржы және экономика жөніндегі директоры
- 2014 жылдың 15 шілдесінен бастап «Востокцветмет» ЖШС қаржы директоры.

Нұғыманов Данияр Тоқтарұлы
(17.09.1970, Қазақстан Республикасы)
Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор
(алғаш рет Қоғамның Директорлар кеңесіне Жалғыз акционердің 03.09.2025 жылғы шешімімен сайланды, № 445 бұйрық, қолданыстағы құрам)
Кадрлар және сыйақылар комитетінің төрағасы
Аудит, Стратегиялық жоспарлау комитетінің мүшесі
«Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры,
Жалпы ақпарат, білімі:
- 1992 ж. - Өскемен құрылыс-жол институты «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, «Инженер-құрылысшы» біліктілігі;
- 1997 ж. - Санкт - Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, «Құрылыс құрылымдары, Ғимараттар мен құрылыстар» мамандығы (аспирантура).
- 2025 ж. – «Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ, «Жылу энергетикасы» мамандығы.
Еңбек өтілі:
- 2023 ж. тамыздан бастап – «Өскемен ЖЭО» ЖШС Бас директоры («Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» компаниясы)
- 2017-2023 жж – «Өскемен ЖЭО» ЖШС инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директоры.
- 2013-2017 жж. – Қазақстандағы AES компаниялар тобының инвестициялық жобалар және күрделі құрылыс жөніндегі директоры (американдық компания), «AES Өскемен ЖЭО» ЖШС, «AES Согра ЖЭО» ЖШС, «АЭС Өскемен ГЭС», «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС электр станцияларының турбиналық және гидротурбиналық, қазандық және электротехникалық жабдықтарын салу, реконструкциялау және жаңғырту жобаларын басқару.
- 2011-2015 жж – «AES Өскемен ЖЭО» ЖШС жөндеу және перспективалық дамыту жөніндегі директоры, қазандық-турбиналық және электротехникалық жабдықтарды, электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жаңғырту, жөндеу.
- 2010-2011 жж – «AES Өскемен ЖЭО» АҚ Жөндеу және күрделі құрылысты дайындау бөлімінің басшысы, қазандық турбиналық және электротехникалық жабдықтарды, электр станциясының ғимараттары мен құрылыстарын салу, реконструкциялау және жаңғырту, жөндеу.
- 2009-2010 жж – «AES Өскемен ЖЭО» АҚ өндірісті дайындау цехы бастығының орынбасары.
- 2008-2009 жж – «AES Өскемен ЖЭО» АҚ өндірісін дайындау цехының жетекші инженер-құрылысшысы.
- 2007-2008 жж – «Востокшахтострой» АҚ жобалау бөлімінің жетекші инженері, «Востокщахтостройпроект» ЖШС бас маманы.
- 2003-2007 жж - Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің сәулет-құрылыс институтының/факультетінің директоры/деканы.
- 2003 ж. – ШҚМТУ сәулет-құрылыс институты директорының орынбасары.
- 1992-2003 жж – УК СДИ стажер - оқытушы, ассистент, аға оқытушы, кафедра доценті.
- 1990-2003 жылдары – УК СДИ-ШҚМТУ «БОСКОР» ғылыми – өндірістік зертханасының зертханашысы, технигі, инженері, жетекші маманы.
19.11.2025