Академиялық қызмет жөніндегі проректор

Конурбаева Ж.Т., экономика ғылымдарының кандидаты, "2017 жылдың үздік оқытушысы" атағының иегері.

1998 жылы "Транспорт жүйесіндегі экономика және басқару" мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің экономика факультетін бітірді.

2000 жылы " Транспорт жүйесіндегі экономика және менеджмент" мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің магистратурасын бітірді.

Магистратураны бітіргеннен кейін "Менеджмент, маркетинг және аудит", "Инновациялық менеджмент", "Инновация менеджменті" кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді.

2010 жылы 08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару (сала және қызмет саласы бойынша) мамандығы бойынша "Шығыс Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін басқару" тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2010 жылы Инновациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

2017 жылы Бизнес және кәсіпкерлік мектебінің деканы болып тағайындалды.

Ғылыми қызығушылық саласы: Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін әртараптандыру, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің мемлекеттік бюджеттік жобалар жетекшісі (2012-2014 жж., 2018-2020 жж.), ШҚО бойынша әр түрлі өнеркәсіп және АӨК салаларында 12 әлеуметтік-экономикалық жобаны әзірлеуші.

Халықаралық іс тәжірибелер: 2014 жылы Люблин техникалық университетінде "Project Management" жобасы бойынша; 2016 жылы Гонконг университеттерінде "Professional Development Program for Higher Education Leaders of Kazakhstan" жобасы бойынша; 2018 жылы Экономика Жоғары мектебінде (Мәскеу, РФ) және Памуккале университетінде (Денизли қ., Түркия).

2018 жылдың қараша айында оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректордың міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2019 ж. 12 сәуірдан бастап ҚР БжҒМ бұйрығы бойынша оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректоры болып тағайындалды.


phone1 Қабылдау бөлмесі: 8 (7232) 54-04-95

mail Қабылдау бөлмесі: AKabdoldanova@ektu.kz

mail ZhKonurbaeva@ektu.kz, kzhadyra@yandex.kz