Басқарма мүшесі - қаржы және экономикалық қызмет жөніндегі проректор

Бейсембаева Галия Мустапаевна

Ғ.М.Бейсембаева 1997 жылы Павлодар Мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек қызметкерлігін 1997 жылы Павлодар облысы бойынша Салық басқармасының маманы лауазымында бастаған. Ғ.Бейсембаеваның жалпы жұмыс өтілі – 22 жыл, соның ішінде білім беру аясында – 14 жыл. Ғ.Бейсембаеваның басшы лауазымдарында жұмыс істеу тәжірибесі бар. 2005 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Салалық экономика», «Қаржы», «Менеджмент» кафедраларының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс атқарған.

Ғ.Бейсембаева 2019 жылдың 23 қыркүйегінен бастап Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің қаржы және экономика бойынша проректорының міндетін атқарып келеді.


Қабылдау бөлмесінің: 8 (7232)-540-514