«1С-Рейтинг» компаниясы 1998 жылдың қаңтар айында құрылды және құрылған күннен бастап «1С» фирмасының ресми серіктесі болып табылады.
Бүгінгі күнге дейін «1С-Рейтинг» компаниясы мынадай мәртебелерге ие:
- 1С:Франчайзинг
- 1С:Кәсіпорын платформасындағы тираждық шешімдерді әзірлеу орталығы
- Алып жүру орталығы
- «1С:Консалтинг» серіктесі
- Өндіріс бойынша құзіреттілік орталығына кандидат (ӨҚО кондидаты)
- Сауда бойынша құзіреттілік орталығы (СҚО)
- Сертификатталған емтихан орталығы (СЕО)
- Сертификатталған оқыту орталығы (СОО)
- «1С-Битрикс» Алтын Сертификатталған серіктесі
Клиенттердің пікірлерімен дәлелденген натижелі даму стратегиясы, мамандар тобы «1С-Рейтинг» компаниясына ең үлкен 1С франчайзи – фирмаларының біріне айналуына мүмкіндік берді: 1000-нан астам клиенттер «1С-Рейтинг» компаниясының қызметін тұрақты түрде қолданады. Олардың ішінде орта және кіші бизнес кәсіпорындары, Қазақстан экономикасының ең ірі өкілдері, сонымен қатар облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік мекемелер.
Жоғары білікті мамандар компанияның сөзсіз капиталы болып табылады, оның ішінде 35 маман «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалары бойынша «1С:Маман» ретінде «1С» фирмасымен сертификатталған.
«1С-Рейтинг» компаниясының саясаты тек тапсырыс берушілердің сауалдарын толықтай қанағаттандырып қоймай, олардың ары қарай даму келешегін қарастыруға бағытталған.
Клиенттердің және серіктестер бизнестерінің дамуына қолайлы жағдайларды жасау мақсатында «1С-Рейтинг» компаниясы сапа менджменті жүйесінің ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес жұмыстың барлық бағыттары бойынша № KZ228304Q-U сертификатын алды:
1) Бағдарламалық өнімдердің дистрибуциясы
Сіз мынадай бағдарламалық өнімдерді сатып ала аласыз: 1С:Кәсіпорын, 1С-Битрикс, ABBYY, Entensys (UserGate), ESET, Microsoft, SOYLEM (қазақша-орысша аударушы), Symantec, АСКОН, Доктор Веб, Касперский лабораториясы және басқа вендорлар.
2) «1С:Кәсіпорын»тобы бағдарламаларын енгізу және алып жүру бойынша қызметтерін көрсету
Автоматтандыру мақсаттарының қиындағына, таңдап алынған «1С:Кәсіпорын» өніміне және ұжым жұмысы бағытының күрделігіне қарамастан, біздің мамандардың көмегімен сіз жаңа есеп жүйесіне көшуді жузеге асыра аласыз және қолданыстағы жүйені дамыта аласыз.
«1С:Кәсіпорын» жүйесінің бағдарламаларының кескін үйлесімдерін әзірлеу
Әр түрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарының есебін автоматтандырудың өз ерекшеліктері бар және тек типті шешімдер арқылы толықтай жүзеге асыру мүмкіндігі үнемі бола бермейді. Сондықтан біздің компания осындай компаниялардың бизнес-үрдісін автоматтандыруға көмектесетін арнайы мамандандырылған кескін үйлесімдерін әзірлейді
4) «1С:Кәсіпорын» пайдаланушыларына кеңес беру және қолдау көрсету
Әрбір есеп жүйесінің жұмыс барысында сұрақтар туындамауы және де әрдайым өз бетімен, әрі тез сол сұрақтарды тез шешуге мүмкіндік болмауы мүмкін емес. «1С» бағдарламаларын пайдалану барысында сіздің өзіңізге сенімді түрде жұмыс істеуіңіз үшін, біздің компанияда кеңес беру желісі жұмыс істейді.
5) Мамандарды оқыту және сертификаттау
Өз жұмысыңызда «1С:Кәсіпорын 8» бағдарламалық өнімдерін тиімді пайдалану үшін, Сізге біздің оқыту орталығынан курстан өтуіңізді ұсынамыз, ал тәжірибелі қызметкер біліктілігін дәлелдеу үшін - «1С:Кәсіпқой» және «1С:Маман» емтихандарын тапсыруды ұсынамыз.
6) Веб-сайттарды әзірлеу және алып жүру қызметтері
Егер Сізге «1С-Битрикс» бағдарламалық өнімдер негізінде сайт-визитканы, корпоративті сайтты, интернет-дүкенді немесе корпоратив ішіндегі порталды әзірлеу қажет болса – біздің мамандардың тәжірибесін пайдаланыңыз. Біздің мамандар «1С-Битрикс» компаниясының Алтын Сертификатталған серіктесі мәртебесімен дәлелденген «1С-Битрикс: Сайтты басқару» және «1С-Битрикс: Копоративті портал» бағдарламалық өнімдері бойынша оқып сертификатталған.
Кездесу жөнінде телефон арқылы сөйлесуге болады (7232)20-30-40 немесе осы мекен-жайға келуге болады: Қазақстан к., 27, 2-ші кіреберіс, 201 каб.
Фотосуреті бар түйіндемені email арқылы жіберуге болады: job@1c-rating.kz
Соңғы өзгерістер күні:25.02.2022